Есіл

From Wikipedia, the free encyclopedia

Есілmap

ЕсілЕртіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады.

 Басқа мағыналар үшін Есіл (айрық) деген бетті қараңыз.
Quick Facts Есіл, Сипаттамасы ...
Есіл
Thumb
Есіл өзені, Астана
Сипаттамасы
Ұзындығы 2450 км
Су алабының
ауданы
177 000 км²
Су алабы Солтүстік Мұзды мұхит
Өзендердің
су алабы
ЕртісОбь
Су шығыны 56,3 м³/с
Су ағысы
Бастауы Нияз тауы
 • Биіктігі 560 м м
 • Координаттары 50°37′44″N 73°14′49″E (T)
Сағасы Ертіс өзені
 • Орналасқан жері Усть-Ишим
 • Координаттары 57°41′53″N 71°11′51″E (T)
Орналасуы
Thumb
Ел Қазақстан
Ресей
Ортаққордағы санаты: Есіл
Close

Географиялық орны

Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Thumb
Петропавл бөгені (Петропавл қаласы)

Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүниежүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.

Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.

Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себебіне - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуы және жер асты суларының тұздылығы жатады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған. [1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.