From Wikipedia, the free encyclopedia
Об, Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2.
Обь өзені | |
---|---|
Обь өзенінің жоғарғы ағысы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 3650 км |
Су алабының ауданы |
2990 мың км² |
Су алабы | Кар теңізі |
Өзендердің су алабы |
Солтүстік Мұзды мұхит |
Су ағысы | |
Бастауы | Бия (Шүй) және Катунь (Қатын) өзендерінің қосылысы |
• Координаттары | 52°25′56″ с. е. 84°59′07″ ш. б.52.43222° с. е. 84.98528° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Обь өзенінің теңізге құйылған жері (Обская губа)→Кар теңізі |
• Координаттары | 66°47′00″ с. е. 69°08′00″ ш. б.66.78333° с. е. 69.13333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Ресей |
Аймақ | Батыс Сібір |
Алтайдағы Бия (Шүй) және Катунь (Қатын) өзендерінің қосылуынан пайда болған. Батыс Сібір жазығы арқылы кең аңғармен ағып, Кара теңізінің Обь кірмесіне, ауданы 4 мың км2 атырау жасап құяды. Аңғарының ені 20 км, жайылмасы 6 км, тереңдігі 6 м.
Салехард қаласы маңында орташа су ағымы 12500 м3/с. Негізінен қар, жаңбыр суымен толығады. Суының көтерілуі жоғарғы ағысында сәуір – маусым, төменгі ағысында қыркүйекке (40 – 45 км-ге жайылады) сәйкес келеді. Су ағынымен келетін қатты заттардың жылдық мөлшері 16 млн. т. Мұзқұрсау жоғарғы ағысында қарашадан сәуірдің аяғына, төменгі ағысында маусымның басына дейін. Орта ағысының сол жағалауында Юган қорығы орналасқан. Тұрақты кеме қатынасы бар. Об өзенінің саласы – Ертісте Өскемен-Бұқтырма СЭС-ры салынған. Балық аулау кәсібі дамыған.
Большая Советская Энциклопедия Мұрағатталған 6 қарашаның 2015 жылы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.