Ерейментау

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ерейментау

ЕрейментауАқмола облысындағы қала, Ерейментау ауданының орталығы (1954 жылдан), темір жол стансасы.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала
Ерейментау
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Ақмола облысы

Ауданы

Ерейментау ауданы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°37′33″ с. е. 73°07′15″ ш. б.51.62583° с. е. 73.12083° ш. б. / 51.62583; 73.12083 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1948

Қала статусы

1965

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

12 355[1] адам (2023)

Этнохороним

ерейментаулық, ерейментаулықтар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71633

Пошта индексі

020800

Автомобиль коды

03

Thumb
Ерейментау картада
Ерейментау
Ерейментау
Thumb
Ерейментау
Ерейментау
Close

Географиялық орны

Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 440 км, Ерейментау тауларының солтүстік-батыс баурайындағы бетеге, боз, сұлыбас, көде, айрауық өскен қызыл қоңыр және қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ерейментау арқылы республикалық маңызы бар Астана-Павлодар автомобиль жолы өтеді.

Тарихы

Іргесі 1948 жылы Ақмола-Павлодар (1953 жыл) және Ерейментау-Айсары (1965 жыл) темір жолдарын салуға байланысты қаланған. 1951 жылы кентке, ал 1965 жылы қалаға айналып, тез дами бастады.

Кәсіпорындары

Қалада темірбетон бұйымдары, қиыршықтас, әктас заттары, темір жол және автокөлік мекемелері, баспахана жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

4 орта және 2 орталау мектеп, музыка және спорт мектептері, теміржолшылардың мәдениет сарайы, балалар мәдениет үйі, мәдениет-спорт кешені, кинотеатр, ауданы байланыс торабы, емхана, 2 аурухана, дәріхана, санитарлы-эпидемиалогиялық стансасы бар.

Тұрғындар саны

  • 10 999 адам (1959);
  • 15 276 адам (1970);
  • 15 134 адам (1979);
  • 15 973 адам (1989);
  • 16 100 адам (1991);
  • 15 087 адам (1999);
  • 11 452 адам (2004);
  • 12 250 адам (2005);
  • 11 996 адам (2006);
  • 11 897 адам (2007);
  • 11 577 адам (2008);
  • 12 518 адам (2009);
  • 11 616 адам (2011);
  • 11 287 адам (2012);
  • 10 835 адам (2013);
  • 10 451 адам (2014);
  • 10 086 адам (2015);
  • 9774 адам (2016).
More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
15087 12518 12652 101,1 6054 6136 101,4 6464 6516 100,8
Close

Таулы-орманды алқап

ЕрейментауСарыарқаның солтүстігіндегі таулы-орманды алқап. Ақмола және Қарағанды облыстарының жерінде орналасқан. Абсолют биіктігі 901 м (Ақдің тауы). Таулы алқап оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр. Енді жері 30 км-ге дейін жетеді. Тау Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы болып табылады. Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендерінің салалары тау беткейлерінен басталады. Тауаралық аңғарларында шипалық ем болатын тұзды және тұщы (Тайбай) көлдер мен бұлақтар көп кездеседі. Жер қыртысы континенттік шөгінділер мен көмкерілген кембрийге дейінгі кварцит және метаморфтық эффузивті жыныстардан түзілген. Олар Ерейментау антиклинорийін құрайды. Шығыс беткейлері тіктеу жартасты келген, аз тілімденген, кейбір жерлерінде қорымтастар кездеседі.

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.