Қарасу (Сілеті алабы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарасу – Сілеті алабындағы өзен.
Қарасу өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 26 км |
Су алабының ауданы |
301 км² |
Су алабы | Сілеті |
Су ағысы | |
Бастауы | Ақжар төбесі етегіндегі бұлақтар |
Сағасы | Сілеті өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 51°37′29″ с. е. 72°08′45″ ш. б.51.6248° с. е. 72.1457° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Ақмола облысы Ерейментау ауданы |
Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын жонды-белесті келген Ақжар төбесі етегіндегі бұлақтардан алып, Еркіншілік ауылынан төменде Ақмырза өзеніне құйылып, Ақмырза ауылынан төменде Сілеті өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрографикасы
Ұзындығы 26 км, су жиналатын алабы 301 км2. Ұзындығы 10 км болатын шағын 3 саласы бар. Жаз айларында өзен қара суларға бөлініп қалады. Аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.