Каолин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Каолин – каолинит минералынан құралған саз тәрізді тау жынысы.
Каолин слюдалы-дала шпатты минералдардың (гранитоид, гнейс, тақтатас, т.б.) үгілуінен немесе гидротермальдік өзгерістерге ұшырауынан түзіледі. Каолин алғашқы (түзілген орнында сақталған) және туынды (басқа жерге ауысып шөккен) болып екі түрге бөлінеді. Алғашқы каолиннің ірі кен орындары төменгі мезозойдың үгілу қыртыстарында шоғырланған. Оларда тау жыныстарының бастапқы құрылымы сақталған. Туынды каолин линза, қабат түрінде кездеседі. Олар жер бетіне жақын орналасқандықтан, ашық әдіспен игеруге ыңғайлы. Өңделмеген каолиннен отқа төзімді материалдар дайындалады. Өндірістің басқа салалары үшін каолин байытылады. Байытылған каолиннен фарфор және фаянс бұйымдары жасалады, сондай-ақ, қағаз, резина, парфюмерия, химия өнеркәсіптерінде, медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанда каолиннің Алексеевское, Елтай (Ақмола облысы) кен орындары игерілуде.[1]
Қайта түзілгені құмды шөгінділерде линза, ұя, қат пішінді болады. Каолин қыш өнеркәсібінде фарфор, фаянс бұйымдарын, электртехникада оқшаулағыш, отқа төзімді оқбақырлар жасауға пайдаланылады, одан баска қағаз, мата, резеңке, сабын, парфюмерия, карындаш, бояу өндірістерінде және т.б. колданылады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.