КОКП орталық комитеті

From Wikipedia, the free encyclopedia

КОКП орталық комитеті

Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті (КОКП ОК) (орыс. Центральный комитет Коммунистической партии Советского Союза (ЦК КПСС)) — партия съездерінің аралығындағы жоғарғы партия органы. КОКП ОК ең үлкен құрамы (412 адам) КОКП XXVIII съезінде (1990) сайланды.

Quick Facts Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті(КОКП ОК)орыс. Центральный комитет Коммунистической партии Советского Союза (ЦК КПСС), Жалпы мағлұмат ...
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
(КОКП ОК)
орыс. Центральный комитет Коммунистической партии Советского Союза
(ЦК КПСС)
Thumb
КОКП ОК ғимараты, қазір Ресей Федерациясы президенті Әкімшілігінің ғимараты
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  КСРО
Құрылған уақыты 1918
Оның алдындағы мекеме РСДЖП ОК
(1898—1917)
РСДЖ(б)П ОК
(1917—1918)
РК(б)П ОК
(1918—1925)
БК(б)П ОК
(1925—1952)
КОКП ОК
(1952—1991)
Таратылған уақыты 6 қараша 1991
Мекемені басқарады КОКП съезі
Жоғарыда тұрған мекеме КОКП ОК саяси бюросы
Штаб-пәтері Мәскеу, Ескі алаң, №4 үй.
Бір мекемеге қарасты орган КСРО үкіметі (14 наурыз 1990 жылға дейін)
БЛКЖО ОК
Партияның аймақтық, қалалық, аудандық комитеттері
Close

Ленин және РСДЖП-ның басқа да негізін қалаушылар бастапқыда ішкі демократия қағидалары бар ұйымды ойластырды, нәтижесінде партияда ешқашан төраға, ОК төрағасы немесе ОК Саяси Бюросының төрағасы лауазымдары болған емес. ОК хатшысы бастапқыда техникалық қызмет атқарды.

1991 жылы 23 тамызда Тамыз бүлігі сәтсіз аяқталғаннан соң Мәскеу әкімі Г.Х.Поповтың бұйрығымен Ескі алаңындағы КОКП ОК мен КОКП МҚК ғимараттарына сүргі салынып, олардың қызметіне тосқауыл қойылды. Сол күні РКФСР Президентінің жарлығымен республика аумағындағы аймақтық партия ұйымдарының қызметі тоқтатылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен КОКП Орталық Комитетінің қызметін тоқтатты, партияның ғимараттары мен басқа да мүлкіне сүргі салынды. 1991 жылы 6 қарашада РКФСР Президенті Б.Н.Ельцин өзің жарлығымен Ресей аумағында КОКП мен оның республикалық ұйымы – РКФСР Коммунистік партиясының қызметіне тыйым салды, партия меншігі тәркіленіп, Ресей билігіне берілді. 1992 жылы 30 қарашада Ресейдің Конституциялық соты РКФСР КП — КОКП бастапқы ұйымдарының таратылуын заңсыз деп таныды, бірақ партияның Орталық Комитетінің таратылуын қолдады.

КОКП ОК өкілеттігі

КОКП жарғысына сәйкес ОК партияның, республикалық және жергілікті партия органдарының барлық қызметіне жетекшілік етті, партияның кадр саясатына басшылық жасады. КОКП ОК орталық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына басшылық жасай отырып, оларда партия топтары арқылы жұмыс істеді, партияның әртүрлі органдарын, мекемелері мен кәсіпорындарын құрып, олардың қызметіне басшылық жасады, орталық газеттер мен журналдардың редакцияларын тағайындап, оны бақылауды, партия бюджетінің қаражатын бөлуді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырды.

КОКП ОК алқалы басқару органы болды, КОКП ОК кезекті пленумдарды – ОК барлық мүшелері мен мүшелігіне кандидаттардың жиналыстарын (партия жарғысына сәйкес 6 айда кемінде бір рет) өткізді; ОК мүшелігіне кандидаттар пленумдарда кеңесші дауысқа ие. Қалыптасқан тәжірибе бойынша КОКП (ОТК) Орталық тексеру комиссиясының мүшелері ОК пленумдарының жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатысты. ОК Пленумдарда ОК Саяси бюросын (Төралқасын), Хатшылығын және Ұйымдастыру бюросын, Партиялық бақылау комиссиясын (1934-1990) сайлады.

КОКП ОК саяси бюросы

КОКП ОК саяси бюросы Пленумдары аралығында ОК саяси жұмыстарына жетекшілік ететін жоғарғы партия органы болды. Ол РК(б)П VII-съезінен кейін тұрақты жұмыс істейтін орган ретінде әрекет етті. Ең маңызды саяси, шаруашылық және партияішілік мәселелерді шешті.

КОКП ОК хатшылығы

Толық мақаласы: КОКП ОК хатшылығы

Оның құрамына КОКП ОК хатшылары кірді.

1990 жылы КОКП Орталық Комитетінің хатшысы болып табылмайтын 5 хатшылық мүше енгізілді.

КОКП ОК ұйымдастыру бюросы

Толық мақаласы: БК(б)П ОК ұйымбюросы

Бұл орган 1919-52 жылдары болды, бірақ іс жүзінде Хатшылық қызметін қайталады және осы себепті нақты рөл атқармады.

КОКП ОК бас хатшысы

Толық мақаласы: КОКП ОК бас хатшысы
Thumb
КОКП ОК хатшыларының бірі Өмір Османовтың қызметтік куәлігі
1986—1990 ж. аралығы
Thumb
Петр Машеровтың 1966 жылғы КОКП ОК мүшелік билеті. Орталық комитет (КОКП ОК) мүшелерінің мүшелік билеттері әрленімі мен мазмұны жағынан ұқсас болды.
  • 1917-1918 жылдары — РСДЖ(б)П ОК Бюросының хатшысы, 1918-1919 жылдары — РК(б)П ОК Хатшылығының төрағасы, 1919-1922 жылдары — РК(б)П ОК Жауапты хатшысы, 1953-1966 жылдары — КОКП ОК бірінші хатшысы.
  • 1917 жылы Яков Михайлович Свердлов РСДЖ(б)П ОК төрағасы ретінде кейбір партиялық нұсұауларға қол қойды, бірақ бұл қызметке ешқашан сайланбаған. И.В.Сталин тағайындалғанға дейін (1922 ж.) ОК жауапты хатшысы қызметі таза техникалық және партия басшылығымен байланысы жоқ сипатта болды. Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті партия комитеттерінің (жауапты) хатшылары ОК жауапты хатшысына бағынатын тәжірибе қалыптасқан болатын.
  • 1917 — Елена Дмитриевна Стасова
  • 1918—1919 — Яков Михайлович Свердлов
  • 1919 — Елена Дмитриевна Стасова
  • 1919—1921 — Николай Николаевич Крестинский
  • 1921—1922 — Вячеслав Михайлович Молотов (Скрябин)
  • 1922—1934 — Иосиф Виссарионович Сталин (Джугашвили).
  • 1934 жылы партияның XVII съезінің шешімімен БК(б)П ОК Бас хатшысы қызметі жойылып, 1953 жылға дейін КОКП ОК қыркүйектік пленумы ОК бірінші хатшысы ретінде қайта қалпына келтіргенше ресми қызметтер тізімінде болған жоқ. Осы ақиқатты елемей, бірқатар өмірлік басылымдарда (соның ішінде 1947 жылғы басылымды ресми «Қысқаша өмірбаянда») және ҮКЭ И.В.Сталин 1934 жылдан бастап ОК хатшысы ретінде өзі қол қойғанымен, бас хатшы деп атауды жалғастырды.
  • 1953—1964 — Никита Сергеевич Хрущёв.
  • 1964—1982 — Леонид Ильич Брежнев.
  • 1982—1984 — Юрий Владимирович Андропов.
  • 1984—1985 — Константин Устинович Черненко.
  • 1985—1991 — Михаил Сергеевич Горбачёв.

РСДЖП, РК(б)П, БК(б)П және КОКП съездері

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.