Remove ads
Қазақстандағы мерейтойлық медаль From Wikipedia, the free encyclopedia
Астанаға 10 жыл медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес астананы Астана қаласына көшіруіне 10 жыл толуын атап өту мақсатында бекітілген. Бұл мерекелік медалді (бұдан әрі - мерекелік медаль) Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.
Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:
Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда, жария түрде жүргізіледі және ол наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
Әрбір марапатталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
Мерекелік медальдің тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қолы және тапсыру жүргізген органның мөрі арқылы бекітіледі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.
"10 жыл Астана" мерекелік медалі сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
Жїргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
"10 жыл Астана" мерекелік медалі латуннен дайындалады, диаметрі 40 мм дұрыс көп қырлы нысанды. Медальдің бет жағының дұрыс сегіз қырлынң бұрышында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан, сегіз қырлының бұрыштардың арасында күннің сәулесін бейнелейтін бес-бестен штрал сызықтары жасалған. Сегіз қырлының ортасында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортасында сол жақ жоғары бұрышында үш жолға жазылған "10 жыл АСТАНА" деген жазу бар, ортасында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясының бейнесі және Бәйтерек монументі бейнеленген. Медальдің бет жағы жылтыр.
Медальдің сыртқы жағында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортаңғы бөлігінде үш жолдан тұратын "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2008" деген жазу жазылған. Жазудың астында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Медальдің сыртқы жағы жалтыратылған.
"10 жыл Астана" мерекелік медалі құлақша мен шығршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 32 мм алтыбұрышты тағанмен жалғасады, тік жолақты: ені 7 мм қызыл түсті, ені 3 мм сары түсті, ені - 2 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған. Тағанның сыртқы жағында қапсырма құлыпты түйреуіш орналасқан, медаль соның көмегімен киімге бекітіледі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.