Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаныс (758–834 жылдары) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны - Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлімет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бөлінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтақтан өрбиді: Мәуетей мен Мауза. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл әтноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлде бір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады. Дулат (723–816 жылдары) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: - "Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды. Елді билеу билік жүргізуден Сиқым да құр болмайды екен, бірақ бүтін билік Жаныста болады екен. Жаныстың ұрпағына бектік дарыған екен. Ерлік батырлық Ботпай мен Шымырдан шығады екен. Түсімде Нүрила әжем (Домалақ ана) бір етек жұмыртқаны әкеліп төгіп жібергенде бүкіл жер дүниеге шашылып жайылып кетті. Тәңір оңдаса ұрпағым көп болады екен. Төртеуің де тату ынтымақты болыңдар. Осы өсиетімді кейінгі ұрпақтарыма да жеткізерсіңдер" - депті. Қазір бұл сөздің шындыққа айналғанына тарих куә. Жаныстан (758–834) бастап Төле биге (1662–1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған. Төле бидің жетінші атасы болып саналатын бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішінд егі ең көбі жетіге бөлінетін Жортуылдан Жанту, Жантудан: Жайылмыс, Байыс, Өтеміс. Ал, Жайылмыстан: Қожамберді, Қыбырай, Жамбай. Қожамбердіден: Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжанқұл, Сұлтанқұл, Ақберді. Құдайбердіден: Түгелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай, Бақыбек (2-әйелінен), Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен) Құдайменді, Токпан, Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен: Тыныбек, Ақбота, Шора, Өтебай, атақты Төле би, Елібай; Төле биден: Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай), Ниязбек, Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл, Жасыбек, Тасыбек (3-әйелі), Қожабек, Жолан (4-әйелі), Қожамжар, Алдамжар (5-әйелі), Жақсықұл (6-әйелі), Айнакөз (7-әйелі), Табылды (8-әйелі). Қожамжардан: Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл: Қадыке (Ерубай) мен Еламан.
Соңғыдан екі ұл: Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған ңарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті, XIX ғасырдың алға шқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол 37 атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаиыс» болғаиымен, кең ауңымда жалпы дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе, бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек О . белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау - (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ, бұнда тұрған қым- қиғаш айырмашылың жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде дате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н. Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековңа сілтеме жасайды, В. Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында негізінен Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, соным ен ңатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрып келеді.
Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі дулаттар. Оның ең ірі аталары (Ботбай, Шымыр, Сиңым мен Жаныс) Верный, Әулиеата мен Шымкент уездерінде қоныстанды. Әрбір рудың уездерде қалай тұрғанын білу үшін ең алдымен, сол кездегі есеп-ңисапқа жүгінген абзал. 1867–1884 жылдардағы көші-қон жағдайын қаз-қалпында беретін А. Макшеев, Гродеков, Смирнов пен М. А. Терентьевтің ңомаңты кітаптарынан цифр-мағлұматтарды алатын Н. Аристовтың еңбегінде қызғылықты нақты деректер ұшырасады. Әрине, ол мәліметтердің дәл екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды, өйткені оларды әр кездегі адамдар (жиырма жыл бедерінде) әр ресми мағлұматтардан алып отырды. Әйтсе де, олар рулардың қоныстану барысын белгілі жағдайда аның көрсетеді. Сонымен, сол мәліметтер негізінде Дулат руларының Верный, Әулиеата мен Шымкент уездеріндегі санын келтіре кету жөн. Бұлардан тыс Н. Аристов Смирновқа сүйеніп, дулаттардың Перовский мен Ташкент уездерінде тұрғанын көрсеткенімен, олардың санын келтірмейді, ру-руға бөлмейді, өйткені бұл аймақта аз қоныстануға байланысты болуы керек, оны Макшеевтің Ташкент уезі бойынша жасаған мәліметі де растайды. Кестеден көрінгеніндей, бүкіл дулаттардың саны 18 682 үй болса, сол беттердің тағы бір тұсында Н. Аристов Іле мен Шыршық өзендерінің арасында шамамен 40 мың үй Дулат тұрып жатқанын атап кетеді. Бұл сан айырмасы 20 мыңнан астам шаңырақ, сол себепті оны біз білетін деректер көзімен түсіндіру оңай емес. Әйткенмен, кестеде келтірілген есеп-қисап дулаттар руының үш уезде қалай қоныстанғанынан біршама хабар береді.
Мәселен, егерде XIX ғасырдың екінгпі жартысында Ботбай руының көпшілігі (78%-і) Верный мен Әулиеата уездерінде тұрса, қалған жартысы (49%) бір ғана Шымкент уезінде ңоныстанды. Егер Сиқым руының басым көпшілігі (75%) Шымкент уезінде болса, төрттен бірі Верный мен Әулиеата уездерінде (25%); ал егер Жаныс руы негізінен (83%) Шымкент уезінде, аздаған бөлігі (17%) Верный мен Әулиеата уездерін жайлады. Сөйтіп, Дулат руының торт атасы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Верный уезінің қазақтары арасында аралас-ңұралас жүрді. Верный уезі Қапал уезінің оңтүстік-батысындағы Іле өзенінің сол жағасында орналасқан. Оның жері ыңғайына қарай жаратылыс - географиялың жағынан оңтүстікте тау етегі қыраттар мен солтүстігінде жазық далаға ұласады. Верный уездерінің қазақ тұрғындары толығымен Ұлы жүздің құра мына енетін Сарыүйсін, Дулат, Албан, Ысты, Шапырашты, Жалайыр мен Қаңлы руларының өкілдерінен құралады. Солардың ішіндегі ең көбі Дулат руының төрт атасы (Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныс). Сан жағынан басымы шығыста Сарыүйсіндер мен батыста Ыстылардың қыстауларының арасында орналасқан Ботбайлар болатын. Олардың арнайы пайдалапатыи ұланбайтақ қыстаулары бар еді. Ботбайлардың бір қауьгмы Аңырақай тауының атырабында Сұмса өзенінің бойындағы Айдарке, Бесқауға, Ақсеңгір мен Доланқара шатқалдарында қыстады. Басқа бір қауымы Ащысу, Алмалы, Қызылсай мен Үзынбұлақ шатқалдарын мекендеді. Үшінші бір қауымы Белбүлақ-Қарасу-Кө тентай басы, Көлтоған, Қарағайлы, Сарыкемпір шатқалдарында ңыстап жүрді. Ботбай қауымдастығының төртінші тобы Ақсай, Қаскелең, Қоралы, Бескөл шатқалдарын иемденді. Ботбайлар жайлауға Қастек, Қараңастек шатқалына шығып кетіп, көбісі ңыстаудан жырақ кетпей, көктем, күз маусымында өз қыстауларының қасында қоныс тепті.
Сиңым руының аздаған қауымы Қараой, Қаскелең шатңалдары, Кіші Ақсай, Кіші Алматы өзені мен Қарасу бойында қыстады. Жайлауы сол маңайдағы Алатау жоталарында болды. Шымыр руының қауымы да аз еді, біреулері Қараой, Қызылеспеде қыстаса, екіншілері Ақжар мен Жалғызағашты мекендеп, жаздыгүні Алатаудың жонын жайлады. Верный уезіндегі Дулат руларының ішінде Ботбайлардан кейін көп тарағандар Ж аныс атасы болып келеді. Олардың бірсыпырасы Қарашеңгел шатқалын қыстады, біразы Есік өзенін, Көжентай шатқалын, қалғандары Қарасу» үлкен Алматы өзендерін, бірнеше топ Ақши, Шамалған мен Көктөбені мекен етті. Жаныстардың үлкен бір тобы уездің батыс шекарасын жайлап, Жамақты, Балажал, Сарықайық, Дөңгелексаз, Боқтозақ, Айғыржалға, Шетенді, Күркіреу, Қордай, Қоянды, Ақтерек," Талдыбұлақ өзендері бойына қыстау салды. Жа ныс руының жайлауы Алатаудың алып шабындықты аймағында болды. Дулат руларының көп бөлігі төрт түлік өсіріп, сонымен қатар, суармалы жер мен сүдігерге егін салды. Сарыүйсіндермен салыстырғанда оларда түйе мен қой өте аз болды, ірі қара мен жылқы басым түсті. Верный уезіндегі дулаттар жартылай отырықшы өмір кешіп, негізінен қыстауларынан онша алысқа ұзаған жоқ. Мүмкіндігі бар дәулетті адамдар жазға салым солтүстіктен тіке күнгейге қарай көшіп, түпкілікті тау шабындықтарын жайлап, күзге қарай қайтадан теріскейге қарай көшіп отырды. Суармалы жермен негізінен тау өзендерінің алқаптарында айналысты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария облысы, Әулиеата уезі қазақтарының басым көпшілігі негізгі рулардан (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Жалайыр мен Дулаттар) тұрса, ал Қарқаралы уезімен шектесетін Шу өзенінің оң саласының орта тұсында шамалы арғындар өмір сүрді. Бұл бір тектес рул ар тобы Шу мен Талас өзендерінің бойында топтасын қоныстаиды. Олардың бәрі белгілі айрықша қыстауларды иемденді. Көктемгі, күзгі қоныстары да, қысқы тұрақтарынан ұза май, ең бастысы Мойынқұм өңірінің, орталығына таман орналасты. Ал жайлауы, аймақтың оңтүстік жағындағы Тянь-Шань мен Талас Алатауының етегіндегі шұрайлы жерлерде созылып жатты, солтүстігінде Қарқаралы уезіндегі көптен бері өзара бөлісіп қойған телімге тірелді. Осы орайда бізді Дулат руларының төрт атасы Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныстың көшіп-қонып таралуы қызықтырады. Олардың ішінде бұл уезде ботбайлар мен шымырлар көбірек те, өзге екі ата бұнда салыстырмалы түрде өте аз тұрады. Сонымен, дулат руларының қыстаулары негізінен Шу мен Талас өзендерінің бойында қоныс тепті. Олар Шу өзенінің сол жағасынан, Верныйдан, Шымкент уездеріне дейінгі алқапты алып жатыр. Ботбай руы қауымдастығының мекені Шу өзенінің төмөнгі сағасында, оларға көлденең Шымыр мен Сиқымдардың қыстаулары жалғасты, одан әрі Шапыраштылар орналасқан. Сиқымдар, ал одан соң жалайырлармен қоңсы қонатын Жаныс рулары жайғасты. Шу өзенінің оң жағасында Дулат руының төрт атасы осылай қоян-қолтық тұрып жатты. Дулат руының басқа бір шамалы тобы Талас өзенінің жоғарғы тұсыида орын тепті.
Шынтуайтында, жоғарғы Таластың оң жағалауында, Талас Алатауының баурайында Шымыр қауымдастығының қыстауы, ал сол жағасындағы ыстылардыц ата қонысында Ботбай мен Сиқымдардың қыстаулары мидай араласып жатты. Сөйтіп, төңкеріске дейін қазақтар Әулиеата уезінде Шу мен Талас өзендерінің бойында, олардан тарайтын кішігірім бұлақ пен бастаулардың аңғарында тұрақтап жүрді. Бұндағы елді мекендер, қазақ ауылдары қомақты еді, ондағы шаңырақ саны 15-тен 50-ге дейін жететін. Бұндағы тұрақ-жайлар шағын болатын, ал суармальг жерді жаппай ұжымдасып пайдаланатын. Ол қауымдасқан егінжайды бірлесіп, арық тартып, ескі су жүйелерін жөндеп, әркім өз әлінше, қал-қадарынша еңбеккерлердің санына қар ай игерді. Сүдігерге егін салу көп жағдайда әрбір шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай жүргізілді. Қыстаулар қасындағы жайлау да ауыл-ауыл болып, немесе қауымдасып пайдаланылды. Шаруашылықтардың көбісі қауымдастықтың қыстауларында жайласа, малы көп байлар Қырғыз бен Талас Алатауының қойнауына кіріп кетіп, баз біреулері тіпті атақты Сусамырға дейін өрлеп кететін. Күздеуле р мен көктеулер, жайлау жолында, қыстаулар ңасында, ең бастысы, Мойынқұм мен оның ңойнауында болатын. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шымкент уезінің ңазаңтары әтникалың тұрғыдан үш жүзді түгел ңамтыды. Кіші жүзден мұнда тамалар, жағалбайлылар мен шеркештер тұрды; Орта жүзден қоңыраттар; ал Ұлы жүзден Ысты, Ошаңты, Сіргелі мен Дулат руы төрт атасының басым бөлігі мекен етті. Сондықтан ңазаң халңының мұндағы басым бөлігі Ұлы жүз өкілдері болып есептеледі. Сонымен, Шымкент уезіндегі, Ұлы жүз руларының ішіндегі ең көп тараған әтникалық топ дулаттар. Бұл жерде де біз солардың арақатысын қарастырамыз. Біз кестеден көргендей, бүкіл дулаттарды ң үш уездегі саны 18 682 шаңырақ болса, Шымкент уезінде солардың 11 782 түтіні тұрады, бұл аталмыш рудың 65 пайызын құрайды. Егер Аристов көрсеткен басқа санға жүгінсек, онда олардың ара салмағы 30 пайыз болып, соңғы мәлімет Шымкент маңайындағы дулаттардың санын көбейте түседі. Сол себепті қалай дегенде де «65 проценті» шындыққа жақын деп есептейміз. Олай болса, Шымкент өңіріндегі Дулат руы төрт атасынан сиқымдар 4 570 шаңыраң, жаныстар 3 374, шымырлар 3 334; ботбайлар 274 шаңырақ болып, түтін түтетіп отырды. Шымкент уезінде Дулаттар жинақы отырып, оңтүстік-батыс жақты қоныстанды.
Айта кету керек, олардың мекен еткен жері ауа райы жағынан өте қолайлы еді. Мәселен, Дулат руларының ңыстаулары, ең бастысы, ежелден суармалы егіншілік өрбіген, отырықшылық пен жартылай көшпелі өмір ошақтары өркендеген Сырдария, Арыс, Келес, Бөген, Арыстанды, Боралдай, Шаян, Иқансу, Бадам, Ақсу т. б. өзендердің екі жағалауын алып жатты. Дулаттар ұлылы-кішілі көптеген өзендердің жайылымында қысқа қарай малға жем-шөп әзірлейтін. Ал, Қызылқұмға жақын Сырдария өзенінің сол жағасында дәулеттілер отар-отар қой өргізіп, келе-келе түйе бағып, көшіп-қоиып жүрді. Шымкент уезіндегі ңазақтар, әсіресе дулаттар шаруашылығының бір ерекшелігі бұл диқандардың қауымдастығы ірі болып келеді, мұнда орташа ауыл 30 және одан да көп болып, ынтымақтасып, су көзін пайдалануда, суармалы ж ер мен шабындықтарды игеруде тығыз байланысып, бірлікпен тіршілік етті. Мәселен, көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап, Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда, Келес, Бадам өзенінің жоғарғы жағында тұрақтады.
Арыс өзенінің оң жағында, Боралдай, Бөген бойында Шымыр руының өкілдері аумақ-аумақ болыи отырса, Сайрамның солтүстігінде ботбайлардың аз бөлігі мекендеді. Арыстың төменгі саласында ең көп Сиқым руының өкілдері тұрып жатты. Бұл уездегі Дулаттар руының шаруашылық пен тұрмыс тіршілігінде суармалы жер, диқаншылық пен баубақша маңызды орын алды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, түрлі үй кәсіптері мен ңолөнер де олардың арасында кең тарады. Сөйтіп, Ұлы жүздің саны ең көп Дулат рулары Сырдария облысының Шымкент пен Әулиеата уездерінде, Жетісу облысыньгң Верный уезінде орналасты. Оның үстіне, бұл уездерде шама-шарқынша Дулаттың төрт атасы да бар еді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.