Орынбай Дайырбеков (1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) — ғалым. Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері (1990). Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Close
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1]
- Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылында дүниеге келген.
- 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина инистиутын бітірген.
- Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер - рениматлог қызыметінен бастаған.
- 1971 - 1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.
- 1999 - 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры.
- қазіргі таңда А.Н. Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылми-зерттеу институты директоры лауазымында.
- Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған.[2]