From Wikipedia, the free encyclopedia
Жайнақ Қараталов (1816, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданындағы Быжы өзеннің жағасы – 1905, қазіргі Алматы облысы Іле ауданындағы Комсомол ауылы) – белгілі би, батыр. Ұлы жүздің дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан.[1]
Жайнақ Қараталов | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
1816 қазіргі Алматы облысы Көксу ауданындағы Быжы өзеннің жағасы |
Қайтыс болғаны: |
1905 қазіргі Алматы облысы Іле ауданындағы Комсомол ауылы |
Мансабы: | белгілі би, батыр |
Дулаттың ішіндегі жаныс-қасқараудың биі ретінде аға сұлтан Әли Әділұлының басқаруында болған. 1851 – 55 ж. ел аузына ілігіп, ақылдылығымен, әділдігімен көзге түсті. 1856 ж. Алатау бөктеріндегі Талбұлақтағы өткен билер жиынында албандар мен дулаттар арасындағы “Байсерке қызы” дауына Қараталовтың да қатысып, көзге түскенін атақты саяхатшы, ғалым П.П. Семенов-Тяньшанский өзінің “1856 – 1857 жылдары Тянь-Шаньға саяхат” атты еңбегінде жазған. 1860 ж. орыс әскерлерінің Тоқмақ, Пішпек бекінісін басып алған жорығына Қараталов өз жасағымен қатысқан. Ресейлік өкімет орындары Қараталовты сіңірген еңбегі үшін күміс, алтын медальдармен, арнайы шекпенмен (кафтан) марапаттап, штабс-капитан шенін берген. 1866 ж. руластарымен бірге Верный маңына көшіп келіп, отырықшы тұрмысқа көшкен. 1868 ж. уақытша ереже бойынша Верный уезіндегі Алматы болысының болыс басқарушысы болып сайланды. Қазақтарды отырықшылық тұрмысқа көшуге уағыздап, суландыру жүйелерін қаздырып диірмен салдырады, тұрақты мекендердің негізін қалады. Егін ш-мен, ағаш отырғызумен айналысты. Қараталов – Алаш қозғалысының Жетісудағы көрнекті өкілдерінің бірі Жайнақов Ыбырайымның әкесі. Қазан төңкерісіне дейін, одан кейін де “Жайнақ ауылы” деп аталған жерде қазіргі кезде Алматы облысы Іле ауданындағы Комсомол ауылында орналасқан. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.