From Wikipedia, the free encyclopedia
Пішпек – Қоқан хандығының бекінісі. 1825 жылы Қоқан ханы Мәдәлінің бұйрығы бойынша Аламедин өзінің сол жағалауында, қырғыздың Солто руының батыры Бішкектің кесенесі тұрғызылған жерде салынған. Бекініс қыштан өрілген, төрт бұрышты қабырғалары қалың әрі биік. Бекіністе әскери казарма, оқ – дәрі, отын – су қоймасы, саудагерлер мен салық жинаушылардың отбасылары орналасқан. Патшалық Ресейдің 19 ғасырдың 40 жылдары Шу – Іле өзендері арлығын отарлау саясатын күшейтуіне байланысты қоқандықтар Пішпек Бекінісінің әскери қуатын нығайта түсті. Ұзынағаш шайқасында қоқандықтардың жеңілісі табуы орыстардың Пішпек бекінісін алуын тездетті. 1860 жылы тамызда Верныйдан аттанған полковник И.Э.Циммерман бастаған орыс әскері әуелі Тоқмақты, сонан соң Пішпек Бекінісін алды. Алайда орыс әскерлері Пішпекте тұрақтап қалмай, Верныйға қайтып кетеді. 1860 жылы тамызда қоқандықтар Пішпек бекінісін қалпына келтірді. Пішпек бекінісі 1863 жылы орыс әскерінің қолына толығымен өтті. Қазіргі атауы Бішкек.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(н-с) Алматы, 2005 жыл.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.