From Wikipedia, the free encyclopedia
Шу – Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала.
Қала | |
Шу | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°35′ с. е. 73°45′ ш. б.43.583° с. е. 73.750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1960 |
Жер аумағы |
24 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
45 447[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 72643 |
Автомобиль коды |
08 |
Шу шекарасы
|
Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан.
Қала Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу (қыт. 水) термині қытай тілінен аударғанда "су" дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.[4]
Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.[5]
Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.