Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева (10 қазан 1942, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы — 7 сәуір 2022) — қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, академик, Қазақстанның білім және ғылым министрі (2002—2003)[1].
Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
қаңтар 2002 — 14 маусым 2003 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Иманғали Тасмағамбетов | |||
Ізашары | Нұралы Бектұрғанов | |||
Ізбасары | Жақсыбек Құлекеев | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 10 қазан 1942 Тұрар ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Қайтыс болуы | 7 сәуір 2022 (79 жас) | |||
Марапаттары | ![]() ![]() ![]() ![]() | |||
өңдеу ![]() |
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[2]
Шәмшә Беркімбаева мектеп директоры, Білім министрінің орынбасары, Сенат депутаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры, Білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған.
Ол Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілерінің иегері[3].
Жетістіктері
- "Құрмет белгісі" (1981 жылы),
- "Еңбек Қызыл Ту" (1976 жылы),
- "Құрмет" (2001 жылы) ордендері,
- "За доблестный труд" (1970 жылы),
- "За трудовое отличие" (1972 жылы) медальдары,
- Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1970 жылы),
- Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1975 жылы),
- "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі.
- "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілері, "Ы. Алтынсарин", "А. Байтұрсынов" атындағы күміс және алтын медальдардың иегері.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.