1994 жылы - Халықаралық инженерлік академияның академигі,
1971 жылы - Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген.
1971 — 1992 жылдары - Химия-металлургия институтында (Қарағанды қаласында) инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылым хатшы, лаборатория меңгерушісі болды.
1992 — 1997 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
1997 — 1998 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директоры.
1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі.
Негізгі ғылыми еңбектері қиын байытылатын полиметалл шикізатын кешенді өңдеудің күрделі химиялық байыту процестерін зерттеуге арналған. Бектұрғанов тотыққан минералдардың сульфидті минералдарға түрленуінің физика-химия заңдылықтарын ашты. Оның негізінде ауыр түсті металдардың тотыққан кентасын флотациялықбайытуға дайындаудың жаңа технологиялық тәсілдері ұсынылды. Бұл тәсілдер шикізат пен қоршаған ортаны кешенді пайдаланудың қазіргі заман талабына сәйкес келеді. Мемлекет қайраткері ретінде, саяси қозғалыстар мен партиялардың өзара пікір алмасуына, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын үйлестіруге елеулі ықпал етті.[3]
306 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 11 монографияның, 46 ғылыми өнертабыстың, 249 ғылыми жарияланымның авторы.«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (2002), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2004) төс белгісімен марапатталған. ҚР Білім беру Құрметті қызметкері (2004). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005).[4][5]