Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі — 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енген орталық атқарушы органы. 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Бұл туралы №917 Жарлыққа қол қойылды.[1]

Quick Facts Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Жалпы мағлұмат ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
(ҚР БҒМ)
Thumb
Жалпы мағлұмат
 Қазақстан
Құрылған уақыты 1999
Оның алдындағы мекеме Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі
Таратылған уақыты 2022
Орнына келген мекеме Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі
Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Есіл ауданы, № 35 көше, № 8 үй
Министр Саясат Нұрбек
Ресми сайты
edu.gov.kz
Close

Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.[2]

Тарихы

Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен[3] ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды[4].

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен[5] ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді.

ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен[6] министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен[7] министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету.[8]

Құрылымы

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

Министрлікті басқарғандар

Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Суреті
1 Ғалым Әбілсейітов 30 маусым 199211 қазан 1994
2 Владимир Школьник тамыз 1994қазан 1999 Thumb
3 Қырымбек Көшербаев қазан 199918 желтоқсан 2000 Thumb
4 Нұралы Бектұрғанов 18 желтоқсан 2000қаңтар 2002 Thumb
5 Шәмшә Беркімбаева қаңтар 200214 маусым 2003
6 Жақсыбек Құлекеев 14 маусым 200314 желтоқсан 2004
7 Бірғаным Әйтімова 14 желтоқсан 200419 қаңтар 2007 Thumb
8 Жансейіт Түймебаев 19 қаңтар 200722 қыркүйек 2010 Thumb
9 Бақытжан Жұмағұлов 22 қыркүйек 20102 қыркүйек 2013 Thumb
10 Аслан Сәрінжіпов 2 қыркүйек 201310 ақпан 2016
11 Ерлан Сағадиев 10 ақпан 20162019
12 Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова 25 ақпан 201913 маусым 2019
13 Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 201910 маусым 2022 Thumb
14 Саясат Нұрбек 11 маусым 2022 Thumb

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.