Владимир Сергеевич Школьник

қазақстандық физик, саясаткер From Wikipedia, the free encyclopedia

Владимир Сергеевич Школьник (17 ақпан 1949 жылы туған, Ресей, Мәскеу облысы Серпухов қалысы) – физика-математика ғылымының докторы, профессор, ҚР Энергетика министрі (2014—2016), Қазақстан Президентінің кеңесшісі.[1]

Өмірбаяны

  • Мәскеу физика-техникалық институтын бітірген (1973).
  • Еңбек жолын Серпухов радио зауытытында жұмысшы болып бастады.
  • Маңғыстау энергокомбинатында инжинер-физик, зертхана бастығының орынбасары, бас инженер, директордың орынбасары (1973–1992)
  • Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы агенттігінің бас директоры (1992–1994)
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрі (1994–1996)
  • Ғылым министрі – Қазақстан Республикасы ғылым академиясының президенті (1996–1999)
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі (1999)
  • Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрі (1999—2000)
  • Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі (2000–2006)
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (2000–2002)
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі (2006–2007, 2008–2009)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілік меңгерушісінің орынбасары (2007–2008) болған.
  • 2009 жылдан 2014 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті.[2]
  • 2014 жылғы 6 тамызы - 2016 жылғы 25 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.[3]

Ғылыми жұмыстары

  • 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Марапаттары

  • «Парасат» орденімен (1998) марапатталған.
  • Отан ордені
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордені
  • Парасат ордені
  • Астанаға 10 жыл медалі.


Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.