From Wikipedia, the free encyclopedia
Доцент — жоғарғы оқу орнындағы оқытушыға ғылыми мамандығы бойынша белгілі талапқа сай берілетін ғылыми атақ. Ресейде доцент атағы университет жарғысы бойынша 1863 жылы енгізілді. КСРО-да доцент атағы ғылым кандидаты деген дәрежесі жарияланған ғылыми еңбектері немесе ғылымға енгізілген жаңалықтары бар әрі конкурс бойынша доцент қызметіне өтіп, кемінде бір жыл ойдағыдай жұмыс істегеннен соң беріледі. Доцент атағын жоғарғы оқу орнының ғылыми кеңесінің ұсынуы бойынша жоғары аттестациялық комиссия бекітеді. Педагогикалық тәжірибесі мол, жоғарғы мамандығы бар әрі доцент қызметінде конкурспен қабылданып,ойдағыдай еңбек етіп жүрген оқытушыға ғылыми дәрежесі болмаса да доцент атағы берілуі мүмкін. Доцент атағы шетелдерде, көбінесе магистр дәрежесімен шамалас ғылыми дәрежесі бар адамдарға беріледі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ресей Федерациясында (РФ) «доцент» термині: а) университеттегі немесе ғылыми-зерттеу институтындағы ғылыми-педагогикалық қызметкердің ғылыми атағын; б) университеттегі оқытушылық қызмет. Осыған ұқсас екі жақты түсіндіру «профессор» ұғымына қатысты орын алады. Доцент атағын берудің белгілі бір тәртібі және мамандарды қабылдаудың белгілі дәстүрлері бар.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.