Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Патшайым Тәжібаева (1920 – 1991) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған.
Патшайым Тәжібаева | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны | |
Ғылыми дәрежесі |
геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор |
Ғылыми атағы |
Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі |
Несімен белгілі |
Құмкөл кен орны туралы алғаш болжам жасаған. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарын ашқан. Литология ғылымының негізін қалаушы, Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог |
Марапаттары |
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1] Ол 1920 жылы қазіргі Төле би ауданының Қарақия елді мекенінде дүниеге келген. Патшайымның атасы Есенқұл ел басқарған көзіқарақты, дәулетті адам болыпты. Әкесі Тәжібай сол заманның білімді азаматы болып, орыс тілін жетік білгендіктен үкімет жұмыстарына араласқан. Әкесі ерте қайтыс болып, жетімдіктің, жоқшылықтың тақсыретін ерте тартқан Патшайым балалар үйінде тәрбиеленген. Бауыры Лашкер екеуі сонда жүріп сауат ашып, ары қарай жетіжылдық мектепті бітіреді. Табиғатынан қайсар, алғыр мінезді Патшайымды өмірдің ащысы мен суығы шыңдай түседі.
1936 жылы Алматыдағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үш жылда аяқтайды. Бұдан соң Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің геология-минерология факультетіне түсіп, 1943 жылы бірінші дәрежелі диплом алып шығады. Геолог-минеролог мамандығын алған Патшайым Индустрия университетінің кен-металлургия факультетіне аспирант болып қабылданып, Қазақтың Ғылым Академиясын да бітіреді. Сондай-ақ, 1948 жылы Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдайды.
Бұдан кейін белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақстанның пайдалы қазбаларын, жер қойнауындағы байлықтарын ел игілігіне жарату жолында еңбектенеді. «Қарағым, ауыр мамандықты қалаған екенсің, жер қазу, тас жинау тезек теруден ауыр» деген ұстазы Қаныш Сәтбаевтың сөзі оны қаймықтыра алмаса керек. Қиындықтан қашпайтынын жұмыс барысында көрсете біледі. Алғашқы еңбек жолын Жезқазған-Ұлытау аймағынан бастапты. Ұстазымен бірге тау-кен орындарын зерттейді. Жастайынан қиындыққа төзе білген Патшайым жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жер қойнауының литологиясын зерттеп, Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалады және ұйымдастыра білді. Геология ғылымына өлшеусіз үлес қосумен қатар, Қазақстандағы мұнай-газ көздерін ашу мәселелері бойынша белсенді де көлемді жұмыстар жүргізеді. Елдегі ең мол мұнай өнімі бар Құмкөл кені туралы ең алғаш Патшайым Тәжібаева болжам жасап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған.
180-нен астам ғылыми еңбек жазған. Рентген лабораториясын ашқан. Ол – Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Жапония, Канада сияқты ірі мемлекеттерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар жасаған танымал ғалымның бірі.
Өмірзақ Сұлтанғазин: «Патшайым Тәжібайқызы – Қазақстан ғылымына ғана емес, бүкіл дүниежүзілік ғылымға үлес қосқан апамыз. Бұл қазақ әйелдерінен тұңғыш рет шығып, жарып шығып, жеке шығып, жол көрсетіп, өзінің үлкен еңбегінің арқасында сол Қазақстан ғылымын дамытып, бірінші рет литология саласында жаңа ғылыми бағыт ашқан үлкен ғалым» |
.[2]
«Ғылым әлеміндегі әйелден шыққан Сәтбаев» |
Шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеген. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарын ашқан. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог, литология ғылымының негізін қалаушы.[3]
Қазақтың біртуар ақыны Жұбан Молдағалиев «Бәйтерегі ғылымның» атты өлеңінде:
Жүдемей тағдыр салған сызға жаны, Жетелеп өр мақсатқа ізгі арманы, Жұмбақ әлем – ғылымда танытты атын, Қазығұрттың қырмызы қызғалдағы...» деп жыр жолдарын арнапты.[4].
«Ғылымда дара, өмірде дана Патшайым» деп аталатын кітапта ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы жазған пікірлері мен естеліктері, ғалымға арнаған өлең жырлары, естелік-эсселері топтастырылған. Кітапты құрастырғандар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Айтмұханұлы Досанов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, академик, профессор Құралай Қошқарова.[5] Алматы, Шымкент қалаларындағы, Оңтүстіктегі Қазығұрт ауданындағы үлкен көшелер, екі бірдей мектеп Патшайым Тәжібаева есімімен аталады.[6].
Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Америка, Жапония, Германия, Венгрия сияқты елдердің ғылыми қауымдастығының мүшесі. Ол Халықтар достығы және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[7]
Жолдасы – белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров. Қыздары Қарлығаш және Құралай. Кіші қызы – академик Құралай Аққошқарова, ал күйеу баласы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.