Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Литология (гр. lіthos – тас) — геологиялық шөгінді тау жыныстарын, ондағы қазба байлықтарды, олардың құрамы мен құрылымын, жаралу тегі мен кеңістікте орналасу, таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.[1][2]
Литология 19 ғасырдың аяғынан геологияның жеке саласы ретінде дамып, 20 ғасырдың І-ші жартысында дербес ғылым болып қалыптасты. Бұған стратиграфия, палеография, мұнай геологиясы, шөгінді жыныстар петрографиясы, океанология сияқты ғылым салаларының дамуы және океанографиялық зерттеулер әсерін тигізді.
Литолгияның іргесін қалап, оны дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар:
Литология жер беті мен теңіз, мұхит түбінде жүріп жатқан литогенез процестеріне бақылау жасаудан алынған деректерге, актуализм принциптеріне, сондай-ақ фация туралы ілімге, стратиграфия, тектоника, палеография, тарихи геология, пертография, климатология, океанология, геохимия, физика, химия, т.б. ғылым нәтижелеріне сүйенеді. Оның негізгі мақсаты:
Зерттеу жұмыстары үш бағытта жүргізіледі:
Литологиялық жұмыс жүргізгенде тау жыныстары мен шөгінді қабаттарының құрамы, құрылымы, құрылысы, физикалық және механикалық қасиеттері, олардың орналасу ерекшеліктері, белгілі бағытта фациялық тұрғыдан өзара алмасуы, олардың арасында сақталған фауна мен флора қалдықтары, т.б. зерттеліп, жан-жақты сипаттамалары жасалынады. Жинақталған геологиялық лабораториялық деректерге ғылыми қорытынды жасағанда шөгінді тау жыныстарына фациялық және формациялық талдау жасау, салыстырмалы литологиялық зерттеу тәсілдері қолданылады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.