Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол тереңдік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.[1] Лаваның сыртқа шығып қату нәтижесінде пайда болады.
Жанартау, латынша лат. vulcanus – «от», «жалын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан.
Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды
Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін.
Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері:
Атқылау санына байланысты:
Орналасуына байланысты:
Белсендігіне байланысты:
Сөнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, олардың жалпы саны 947 (2008).
Потенциалды сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар сөнген жанартау деп аталады.
Жанартау шығу жолдарына байланысты:
Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау:
Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады.
Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады.[1]
Жанартаулардың атқылауы ұзақ (бірнеше ондаған, жүздеген жыл) және қысқа (бірнеше сағат) мерзімді болады. Атқылау алдында жердің сілкінуі, дыбыс шығаруы, магнит өрісінің өзгеруі, т.б. құбылыстар байқалады. Жанартау атқылауы, әдетте газ бен суық лава кесектерін атқылаудан басталады. Кейде бұл атқылаулар лава (жанартау әсерінен Жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма) ағуымен қатар жүреді. Қопарылыс күшіне байланысты күл мен лава кесектері ілескен ыстық газ бен бу 1 – 5 км және одан да үлкен (мысалы, 1956 ж. Камчаткадағы Безымянный жанартауының өнімдері 45 км биіктікке көтерілген) биіктікке көтеріледі. Атылған заттар айнала бірнеше км-ден мыңдаған км-ге дейін шашырайды. Жанартау атқылауынан шығатын жанартаулық өнімдер газ тәрізді (жанартаулық газдар), сұйық (лава) және қатты (жанартаулық тау жыныстары) болады.
Атқылау сипатына және магманың құрамына қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр түрлі геологиялық құрылымдар пайда болады. Жанартаудың сұйық заттары кремнезем мөлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі құрамды лавалардан тұрады. Жанартау орталық кратерден және беткейлеріндегі қосалқы кратерлерден атқылайды. Жанартаудың өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады. Жанартау әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті тектоникалық қозғалыстармен, магманың массасымен, күшті қатпарлану процесстерімен байланысты. Жер қыртысындағы аса терең жарылыстар магманың жоғары көтерілуіне жол ашады, үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның жер бетіне шығуына мүмкіндік береді. Қазіргі әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген, мыңдаған километр жас тау жоталары мен аса ірі терең жарылымдар бойында және мұхит түбі мен доғалы аралдарда орналасқан. Жанартаулардың 2/3-сі Тынық мұхиттың жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың жанартаулық белдеуінде), Жерорта теңізі маңы мен Атлант мұхиты аймағында кездеседі. Жанартау өте қатерлі табиғи құбылыс болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін зерттеу және бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.
Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.
Жанартаутекті шөгінді жыныстар – жанартаулық және шөгінді материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар жанартаукесекті шөгінді жыныстар, тефроидтар және жанартаутерригенді жыныстар болып үшке бөлінеді. Жанартаутекті шөгінді жыныстарда яшма, фосфорит, боксит, темір, марганец, бораттың кендері кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендер – теңіздердің түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген кендер. Мұндағы минералды заттар жанартаудың ыстық газы мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, минералдар түзіп, шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен жердің терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен тасымалданады. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары жатады.
Жанартау шынысы, обсидиан – жанартау лавасының жер бетінде тез суып, кристалданбай қатаюынан пайда болатын тау жынысы. Химиялық құрамына қарай ультранегізді, негізді, орта, қышқыл, сілтілі болып бөлінеді. Жанартау шынысы химиялық құрамына, суу ортасына байланысты ажыратылады. Құрамында кремний оксидінің (SіO2) мөлшері көп, өте тұтқыр, қышқыл риолит лава түрлерінің қатаюы кезінде обсидиан деп аталатын жанартау шынысы түзіледі. Ал сирегірек кездесетін SіO2-ге кедейлеу базальттық лавалар шыны түрінде қатып, мөлдір емес қара базальтты жанартау шынысы – тахилит түзеді. Лава сулы ортада қатқан жағдайда жанартау шынысының құрамында (мысалы, пехштейн, яғни шайыртас) су көптеу болады. Кеуекті жанартау шынысы пемза деген атпен белгілі. Перлит жанартау шынысының құрамында 3 – 5%-ға дейін байланысқан су болады, ол өнеркәсіпте қолданылады. Жанартау шынысы шыны өндірісінде және құрылыс материалы ретінде қолданылады. Кендері Солтүстік Қазақстанда (Торғай), Шығыс Қазақстанда (Семейтау, Тарбағатай, Зайсан), Алматы (Жоламан, Малайсары), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында белгілі.[2]
Жанартау атауы | Орналасқан орны | Биіктігі, м | Аймақ |
---|---|---|---|
Охос-дель-Саладо | Чили Андылары | 6893 | Оңтүстік Америка |
Льюльяйльяко | Чили Андылары | 6725 | Оңтүстік Америка |
Сан-Педро | Орталық Андылар | 6159 | Оңтүстік Америка |
Котопахи | Экваторлық Андылар | 5897 | Оңтүстік Америка |
Килиманджаро | Масаи таулы үстірті | 5895 | Африка |
Мисти | Орталық Андылар | 5821 | Оңтүстік Америка |
Орисаба | Мексиканское нагорье | 5700 | Солтүстік және Орталық Америка |
Попокатепетль | Мексикалық таулы қыраты | 5455 | Солтүстік және Орталық Америка |
Сангай | Экваторлық Андылар | 5230 | Оңтүстік Америка |
Толима | Северо-Западные Анды | 5215 | Оңтүстік Америка |
Ключевская сопка | п-ов Камчатка | 5000 | Азия |
Рейнир | Кордильер | 4392 | Солтүстік және Орталық Америка |
Тахумулько | Орталық Америка | 4217 | Солтүстік және Орталық Америка |
Мауна-Лоа | Гавай аралдары | 4169 | Австралия және Океания |
Камерун | Камерун сілемі | 4100 | Африка |
Эрджинс | Анатолий қыраты Суматра аралы | 3916 | Азия |
Тейде | Канар аралдары | 3818 | Африка |
Керинчи | Суматра аралы | 3805 | Азия |
Эребус | Росса аралы | 3794 | Антарктида |
Фудзи | Хонсю аралы | 3776 | Азия |
Семеру | Ява аралы | 3676 | Азия |
Ичинская сопка | Камчатка түбегі | 3621 | Азия |
Кроноцкая сопка | Камчатка түбегі | 3528 | Азия |
Корякская сопка | Камчатка түбегі | 3456 | Азия |
Этна | Сицилия аралы | 3340 | Еуропа |
Шивелуч | Камчатка түбегі | 3283 | Азия |
Лассен-Пик | Кордильер | 3187 | Солтүстік және Орталық Америка |
Льяйма | Оңтүстік Андылар | 3060 | Оңтүстік Америка |
Апо | Минданао аралы | 2954 | Азия |
Руапеху | Жаңа Зеландия | 2796 | Аустралия және Океания |
Пэктусан | Корея түбегі | 2750 | Азия |
Авачинская сопка | Камчатка түбегі | 2741 | Азия |
Алаид | Курил аралдары | 2339 | Азия |
Катмай | п-ов Аляска | 2047 | Солтүстік және Орталық Америка |
Тятя | Курил аралдары | 1819 | Азия |
Гекла | Исландия аралы | 1491 | Еуропа |
Монтань-Пеле | о. Мартиника | 1397 | Солтүстік және Орталық Америка |
Везувий | Апеннинский п-ов | 1277 | Еуропа |
Стромболи | Липар аралдары | 926 | Еуропа |
Кракатау | Зонд бұғазы | 813 | Азия |
Сөнген жанартау[5]– көбіне қираған не шайылған, тарихи кезеңде белсенділігі білінбеген жанартау. Сөнген жанартауға кратері шайылып, Бүліне бастауы, беткейлерінде терең барранкостар пайда болуы мен құрылысының қирауы тән.
Кейбір сөнген жанартау кейде қайта атқылайды. Мысалы,Камчаткадағы Безымянный жанартауы 1955 жыл әрекетін жандандырған. Әрекетті жанартаулар алаңында орналасқан сөнген жанартау ұйқыдағы жанартау деп аталады.
Жанартаулар тек қана жер шарында емес, басқа да ғаламшарларда және олардың серіктерінде болады. Күн жүйесінде биіктігінен екінші орыналатын Олимп тауы (21,2 км) жанартау болып табылады.
Күн жүйесінде белсендігі жағынан Юпитердің ИО серігі бірінші орын алады. Жанартаудың атқылаған заттарының шлейфінің биіктігі 330 км және радиусы 700 км-ге (патера Тваштара) жетеді, лава ағындарының ұзындығы 330 км (Амирани және Масуби).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.