Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рентген– рентгендік және гамма-сәулелердің экспозициялық дозасының жүйеден тыс өлшем бірлігі.[1]
Ол сол сәулелердің ауаны иондау әсері бойынша анықталады. Бірліктің аты В.К.Рентгеннің құрметіне қойылған. Ол қысқаша Р (орысша), не R (халықаралық) таңбасы арқылы белгіленеді. Бірліктердің халықаралық жүйесінде экспозициялық дозаның бірлігі ретінде 1 Кл/кг алынады. 1Р=2,5797610-4 Кл/кг.
Рентген — атомдық жарылыс кезіндегі сәулелену шамасын өлшеуге арналған арнайы өлшем бірлігі. Рентген — қалыпты қысым мен 2 млрд. жұп ион түзетін температурада 1 текше см ауа шығаратын гамма-сәулелену шамасы.[2]
Рентген өлшегіш (орыс. Рентгеномер) — залалданған аудандағы радиация шамасының деңгейін өлшеуге арналған құрал. Ол сағатына бірнеше жүздеген ренттенге жететін радиация деңгейін өлшей алады және залалданған аудан мен күштерді, кауіпті залалдану өңірінің шегін белгілей алады.
Рентгендік сәуле шығару (орыс. Рентгеновское излучение) — толқындарының ұзындығы 10-7 ден 10-12 м-ге дейін болатын көзге көрінбейтін электромагниттік сәулелер. Ол көптеген тұнық емес материалдардан өтеді. Рентгентүтікшелер, радиоактивті изотоптар, электрондарды тездеткіштер, ядролық жарылыстар рентгендік сәуле шығару негізі болыл табылады. Рентгендік сәуле шығару фотоүлбірлер, люминесцентті экрандар, ядролық сәулелену детекторлары арқылы тіркеледі. Ғылыми зерттеулерде, медицинада, ақау көргіштерде және т.б. қолданылады.
Рентгеннің биологиялық эквиваленті (РБЭ) (Биологический эквивалент рентгена (БЭР)) — биологиялық әсері 1 Р. грамм-сәулелену әсеріне эквивалентті, өтіп кететін сәулеленудің (альфа сәулелену, бета сәулелену немесе нейтрондық ағымдар) кез келген түрінің саны (дозасы).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.