From Wikipedia, the free encyclopedia
Төле Ағабеков (1945 ж. Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1981), механизатор.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1]
1963 ж. кәсіптік-техникалық училищені бітірген. Әлішер Науаи ұжымшарында механизатор, 1965 ж. комбайн жүргізушісі болды. Бүкілодақтық кәсіподақтар ұйымының ХVІ съезіне, Бүкілодақтық ұжымшылар съезіне, Қазақстан компартиясының ХV, ХVІ съездеріне делегат болып қатысады. 1990 – 95 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1972 ж. Еңбек Қызыл Ту, 1976 ж. Ленин ордендерімен марапатталды. 1981 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумы Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Қазығұрт аудананың Құрметті азаматы. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.