Бәкір Ахметұлы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бәкір Ахметұлы (15.6.1927, Қызылбұлақ ауылы Қазығұрт ауданы – 12.1998, Шымкент қ.) – партия, кеңес қызметкері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты.


Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1] 1944 ж. Ташкент ауылы шаруашылық институтын бітірген (1945). Ғалым-агроном. Еңбек жолын Қазығұрт ауданы ауылы шаруашылық бөлімінде агроном болып бастаған. Созақ аупарткомының бірінші хатшысы, облыстық астық дайындау басқармасының бастығы қызметтерін атқарып, республикалық дәрежеде дербес зейнеткерлікке шыққан. «Октябрь революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Созақ, Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы.[2]

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.