Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балабеков Оразалы Сәтімбекұлы (14.10.1941 жылы туған, Жамбыл облысы қазіргі Байзақ ауданы Жетібай ауылы) – техника ғылым докторы (1985), профессор (1986), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1] Мәскеу химикалық машина жасау институтын бітірген (1963). Қазақ химика-технологиялық институтында ғылыми және оқытушылық қызметтер (1963–1992) атқарды. Шымкент қаласындағы Химика технологиялық және өнеркәсіптік экология ғылым-зерттеу институтының директоры (1992–1994), «Қазхимжобалау ғылым-зерттеу институты» акционерлік қоғамының президенті (1994–1997) болды. 1998 жылдан «Ғылыми-инженерлік технологиялық институт» акционерлік қоғамының бас директоры әрі Қазақстан Ғылым Академиясының Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің академік-хатшысы (1992 жылдан). Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары химикалық өнеркәсіп технологиясы мен өнеркәсіп орындарының экологияға ықпалын азайтуға қажетті жаңа процестер мен аппараттарды жасаудың теориясын негіздерін жетілдіруге, шаң мен газдан тазартудың жаңа өнеркәсіптік сұлбасын жасауға арналған. Оның жетекшілігімен аппараттардың үш түрлі класы қалыпқа келтіріліп өндіріске жіберілген. Ол 380 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 16 монографияның, 82 авторлық куәлік пен патенттің, сондай-ақ табиғат қорғау қызметтері мен кәсіпорындарына арналған бірыңғай нормативтік құжат болып табылатын «Өнеркәсіптік кәсіпорынның экологиялық паспорты» деп аталатын мемл. стандарттың авторы. КСРО өнертапқышы (1982) және құрметті химигі (1991). «Құрмет Белгісі» орденімен (1981) марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.