From Wikipedia, the free encyclopedia
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы.
Марапаттар | |||
---|---|---|---|
Ерлер боксі | |||
![]() | |||
Олимпиада ойындары | |||
Күміс | Мәскеу 1980 | Бірінші жартылай орташа салмақ | |
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты | |||
Күміс | Мюнхен 1982 | Бірінші жартылай орташа салмақ |
Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1]
Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014)[2], Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті[3]
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).
Кезең | Спортшы | Мемлекеті | Нәтижесі | Спортшы | Мемлекеті |
---|---|---|---|---|---|
1/16 | Серік Қонақбаев | ![]() |
(5:0) | Симион Чутов | ![]() |
1/8 | Серік Қонақбаев | ![]() |
Имре Бакшкай | ![]() | |
1/4 | Серік Қонақбаев | ![]() |
(уақытынан бұрын) | Хосе Ангел Молина | ![]() |
1/2 | Серік Қонақбаев | ![]() |
(4:1) | Хосе Агуйлар | ![]() |
Финал | Серік Қонақбаев | ![]() |
(1:4) | Патрицио Оливиа | ![]() |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.