From Wikipedia, the free encyclopedia
Google Аудармашы (ағылш. Google Translate) – Google компаниясына тиесілі 90 тілде жұмыс істейтін, әлемдегі ең танымал тегін аударма веб-қызметі. Қызмет онлайн үлгіде жұмыс істейді және интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген қолданушыға қолжетімді. Google аудармашы жүйеге қосылған барлық тілдер арасында жеке сөздер мен сөйлемдерді, мәтіндерді және тұтас веб-парақшаларды аудару мүмкіндігіне ие.[3]
Google аударма жүйесінің негізін қалаушы Франц Джозеф Ох. Ол Перспективті қорғаныс жобаларын зерттеу агенттігің (DARPA) 2003 жылғы машиналық аударма бойынша жүлдесін жеңіп алған. Бұдан соң Ох Google компаниясының аударма жобаларымен айналысатын бөлім жетекшісі болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап Google аудармашының әдіснамасы жасалып, алғашқы тәжірибелер өткізілді. Жүйенің жұмыс істеу механизмі мен негізгі принциптерін Ох өзінің жеке еңбегі ретінде жазып шығарған.
Google Аудармашының да басқа машиналық аудармашы құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Оқырманға шет тілдегі мәтіннің мазмұндық мағынасын түсінуге көмектескенімен, әрдайым нақты аударманы жеткізіп бере алмайды.[4].
Кейбір тілдер бойынша басқа тілдерге қарағанда аударма нәтижесі жақсырақ болып келеді. Мысалы, Google Аудармашы ағылшын тілі мен Еуропа Одағы тілдері арасында сапалы аударма жасайды.
Google аудармашы Ағылшынша Уикипедияның басты бетін португал тіліне автоматты түрде аудара алады. Кейбір Уикипедия бөлімдерінде GoogleTrans құралы қосылған. Бұл құралдың көмегімен сөзді, сөз тіркесін, толықтай мәтінді белгілеп (таңдалған мәтін көлемі 500 таңбадан аспауы тиіс) ⇧ Shift пернесін басқанда Google Аудармашы қосылған кез келген тілге (белгіленген тілге) автоматты аударып береді. Мұндай гаджет әзірге қазақша Уикипедия, ағылшынша Уикипедия, нидерландша Уикипедия, жапонша Уикипедия, индонезше Уикипедия, испанша Уикипедия, хиндише Уикипедия, македонша Уикипедия, норвегше Уикипедия бөлімдерінде ғана орнатылған.
Google аудармашы аударма жүйесіне қосылған тілдердің Уикипедия бөлімдеріндегі әрбір бетті бір-біріне автоматты аударуға болады. Мысалы: қытайша, жапонша, корейше, ивритше Уикипедия бөлімдерінің әрбір бетін ағылшын тілінде оқуға болады. Ол үшін Үлгі:Google translation үлгісін қолдануға болады.
2012 —2014 аралығында Wikibilim қоғамдық қоры Google Аудармашыға қазақ тілін қосу бойынша жұмыс атқарды.[5]
2014 жылдың 12 желтоқсанында қазақ тілі Google онлайн аударма жүйесіне қосылды.[6][7] Сонымен бірге аударма сервисінің қазақша нұқсасы да жарық көрді: https://translate.google.kz.
Мәлімдемеге сәйкес, Google аудармашы пайдаланушылары түзетулер енгізу арқылы аударма сапасын жақсартуға және лингвистикалық сараптама жасауға көмектесе алады.[7]
2008 жылдың тамызында Google компаниясы iOS операциялық жүйесіне арналған iPhone қолданушыларына HTML5 веб қосымшасын іске қосты. Google Аудармашыға арналған ресми iOS қосымшасы 2011 жылдың 8-ақпанында шығарылды.[8] Ол 15 тілде сөздерді дауыс күйінде (voice input) қабылдай алады. 50-ден астам тілге тәржіме жасай алады. Ал 23 түрлі тілде аударманы дауыстап айтып бере алады.[9]
Google Аудармашы Android операциялық жүйесі үшін тегін жүктеп алуға болатын қосымша (арр) болып табылады. Алғашқы версиясы 2010 жылы қаңтарда іске қосылған және қолданылуы шолғыштағыдай (browser) қарапайым. Android-та өзге тілді қолданушылармен емін-еркін жазысуға мүмкіндік беретін "SMS аударма" опциясы 14 тілде ұсынылған.[10] Сонымен қатар, кейбір тілдерде сөздерді теріп емес, дауыспен енгізуге (voice input) болады.
Төмендегі тілдердің барлығы бір-біріне аударыла алады. Тізім 2014 жылдың желтоқсанына қарай берілген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.