Қазақша Уикипедия

Қазақ тіліндегі Уикипедия From Wikipedia, the free encyclopedia

Қазақша Уикипедия
Remove ads

Қазақша Уикипедия (латынша: Qazaqşa Uikipediia) — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап істеп келеді[1].

Quick Facts URL, Коммерциялық ...
Remove ads

Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен 2023 жылдың күзіне дейін жазылды: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия)[2], төте жазу (Қытай, Иран)[2] және латын жазуы (Түркия).[2] Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінеді.

Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 12 администратор бар.

«Қазақша Уикипедия» атауы қандай да бір мемлекетке немесе халыққа қатыссыз, тек қана мақалалардың жазылу тіліне ғана қатысты.

Remove ads

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Сандық

More information Редакторлар үлесі (2014 1 қаңтар — 2014 31 желтоқсан)[3] ...

2025-жылдың Мамырдың 12 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 239 175 мақала бар. 165 662 қатысушы тіркелген, олардың 312 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 12 қатысушы администратор қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны - 3 467 403. Тереңдігі (бүгін): 15.6

Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 49-орында (12.05.2025 көрсеткіш)[4], алайда өңдеу саны жағынан әзірше 67-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[5].

Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр (31 наурыз 2015. көрсеткіш)[6].

Remove ads

Сапалық

Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан бір мақалаға шаққанда 12.9 өңдемеден келіп 117-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[7].

Барлық Уикипедия тіл бөлімдерінде болу керек 1000 мақала санағында 24.82 индекспен 49-орында (05.03.2016 көрсеткіш)[8].

Келушілер саны

More information Көрушілер үлесі (2014 1 қаңтар - 2014 31 желтоқсан)[9] ...

Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 26.83 млн рет қаралады (күніне 894 мың, сағатына 37 мың, минутына 621, секундына 10)[10].

2022 жылдың қаңтар айында қазақша Уикипедия беттері 23 млн рет қаралған (күніне 741 мың, сағатына 30 мың, минутына 515 секундына 8,5).[11]

2022 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (48.3 млн)[12]. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан бойынша барлық Уикипедия бөлімдерін 98 миллион рет қараған[13]. Бұл дегеніміз Қазақша Уикипедия бөлімі Қазақстан бойынша Уикипедия бөлімдерін қарау бойынша 50% үлеске жақын.

Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).[14]

Remove ads

Тарихы

Thumb
Астанада өткен қазақша сөйлейтін уикимедиашылар конференциясы, 2 қыркүйек 2023 жыл
Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының Уикиманиа Гонг Конг 2013 конфереренциясына қатысуы

Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.

2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында Қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.

Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.

Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан Қазақша Уикипедия Түрікше Уикипедиядан кейінгі екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012).

Remove ads

Танылған қатысушылар тобы

Қатысушылар

Конференция

Халықаралық Түркі тілдес Уикипедиялар конференциясы

2012 жылдың 20-21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі тілдес елдер уикипедияшыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері уики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және «Google» компаниясының өкілдері қатысты.[15]

Қазақ уикипедисы конференциясы

2023 жылы 2–3 қыркүйек күндері ЕҰУ-де Бірінші қазақ уики-конференциясы өтті.[16]

Логотиптер

Қазақ Уикипедиясына құйылған кітаптар

Thumb
Қазақ энциклопедиясының өзінің материалдарын CC BY-SA лицензиясы аясында жариялауға рұқсат бергені жөніндегі хаты
  • «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 - 50 000 мақала
  • Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  • Қазақ телевизиясы, Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
  • Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  • Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  • Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  • Тараз энциклопедиясы.
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
  • Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
  • ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
  • Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1 ISBN 9965-16-512-2
  • Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  • Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
  • Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
  • Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  • Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  • Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  • Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  • Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  • Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  • Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
  • Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  • Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
  • Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  • Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Тағы қараңыз

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads