From Wikipedia, the free encyclopedia
Идиш — Еуропада (соның ішінде ТМД-да), Америкада, Оңтүстік Африкада және Израильда тұратын еврейлердің бір бөлігінің тілі. Идишта 4 млн-дай еврей сөйлейді.
1-дүниежүзілік соғысқа дейін идиш тілінде 11 – 12 млн-дай адам сөйлеген. Бұл тіл 12 – 13 ғасырларда қалыптаса бастады. Ол көне еврей тілі мен неміс диалектілерінің және семит, славян тілдерінің кірігуінен пайда болды. Идиш шартты түрде поляк, украин, литва-белорус диалектілеріне бөлінеді. Идиш тілінде 21 дауыссыз, 5 дауысты, 3 дифтонг дыбыс, зат есімінің үш род категориясы, 4 түрлі септік жалғауы бар. Жазуы көне еврей әліпбиіне негізделген. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріп қолданылмайды. Лексикасында неміс және славян, т.б. тілдерден енген сөздер жиі ұшырайды. Зат есімнің қай род екені белгілілік артиклімен, сын есімге жіктеу есімдігінің тіркесіп келуі арқылы беріледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.