From Wikipedia, the free encyclopedia
Эстон тілі (эст. eesti keel) — эстон халқының тілі. Эстония республикасындағы ресми тіл.
эстон тілі | |
Өз атауы: |
eesti keel |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | |
Ресми күйі: | |
Реттейтін мекеме: |
Эстон тілінің институті |
Сөйлеушілер саны: |
1,1 млн адам |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
эст 850 |
ISO 639-1: |
et |
ISO 639-2: |
est |
ISO 639-3: |
est |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Ресей Федерациясының Ленинград, Псков, Омбы облыстарында, Грузияның Абхазия Автономиялық Республикасында, Швецияда, АҚШ пен Канадада эстон диаспорасы кездеседі. Эстон тілінде 1150 мыңдай адам сөйлейді (2001). Финн-угор тілдері шоғырының балтық-финн бұтағына жатады. 16 ғ-дан бастап солтүстік-эстон және оңтүстік-эстон диалектілері негізінде екі әдеби тілі қалыптасқан. Қазіргі Эстон тілі үш жергілікті (солтүстік-шығыс немесе жағалаулық, солтүстік-эстон, оңтүстік-эстон) ерекшелікке ажыратылады. Әдеби тілі солтүстік-эстон диалектісіне негізделген. Эстон тілінде 3 дауысты, 16 дауыссыз дыбыс бар. Онда дифтонг дыбыстар (қосарлы дауыстылар) жиі айтылады. Созылыңқы дауысты, дауыссыз дыбыстар үш сатыдан тұрады. Екпін сөздің бірінші буынына түседі. Эстон тілі морфологиясы құрылымы жағынан флективті-жалғамалы тілге жатады. Есім сөздер жекеше, көпше түрге бөлінеді, септеледі. Етістіктің жіктелетін және жіктелмейтін формалары бар. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі еркін. Лексикасында латын, орыс, неміс, ағылшын тілдерінен енген сөздер кездеседі. Жазуы Латын әліпбиіне негізделген.[1] [2] [3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.