From Wikipedia, the free encyclopedia
Метрлік конвенция (фр. Convention du Mètre) — метрологиялық стандарттардың дұрыстығын қадағалайтын халықаралық келісім.
1875 жылдың 20 мамырында Парижде жиналған 17 елдің өкілдері бұл конвенцияға қолдарын қойды. Сол күннен бастап келісімге сәйкес Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы жұмыс істей бастады.
Бүгіндері бұл конвенцияға 64 мемлекет толық мүше ретінде қолдарын қойған. Сондай-ақ 36 мемлекет конвенцияның ассоциациялық мүшелері болып саналады.
Әр төрт жыл сайын барлық мүше елдері өкілдерінің қатысуымен Жалпы конференция ұйымдастырылып өткізіледі. 1960 жылы Парижде өткен кезекті конференцияда ең негізгі физикалық шамалар жүйесі қарастырылып бекітілді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.