Иран
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иран (парсы: ایران [ʔiˈɾɒn]), 1979 жылдан бастап Иран Ислам Республикасы (парсы: جمهوری اسلامی ایران; Джомхури-йе Эслами-йе Иран), 1935 жылға дейін Парсы елі — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы — Тегеран қаласы.
Иран Ислам Республикасы парсы: جمهوری اسلامی ایران | |||||
| |||||
Ұран: ««Тәуелсіздік, Бостандық, Ислам республикасы» «парсы: اﺳﺘﻘﻼﻝ، ﺁﺯﺍﺩﻯ، جمهوری اسلامی» «Эстекляль, азади, джомхурийе эслами» | |||||
Әнұран: «Иран Ислам Республикасының Мемлекеттік Әнұраны» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 1 сәуір 1979 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | парсы тілі | ||||
Елорда | Тегеран | ||||
Ірі қалалары | Тегеран, Машһад, Кередж, Тебриз, Шираз, Исфаһан, Ахваз | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы Хомейнистік президенттік Ислам Республикасы[1] | ||||
Жоғарғы басшы Президенті Вице-президенті Меджлис төрағасы Сот төрағасы |
Әли Хосейни Хаменеи Мұхаммед Мохбер Мұхаммед Мохбер Мохаммад-Багер Галибаф Голям Хоссейн Мохсени-Эджеи | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам дінінің Шиитт бағыты | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 17-ші орын 1 648 195 км² 7,07 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
82 531 700[2] адам (18-ші) 48 адам/км² (162-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,540 трлн.[3] $ (18-ші) 18,504[3] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
484 млрд.[3] $ (27-ші) 5,820[3] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,798[4] (жоғары) (60-шы) | ||||
Этнохороним | ирандықтар | ||||
Валютасы | риал | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ir | ||||
ISO коды | IRR | ||||
ХОК коды | IRI | ||||
Телефон коды | +98 | ||||
Уақыт белдеулері | +3:30 (жазда — UTC+4:30) |
Батысында — Иракпен, солтүстік-батысында — Әзірбайжан, Армения, Түркиямен, солтүстігінде — Түрікменстанмен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шектеседі. Иран солтүстіктен Каспий теңізімен, оңтүстіктен Үнді мұхитының Парсы және Оман шығанақтарымен қоршалып жатыр.
Ғасырлар бойы бұл ел Шығыста шешуші рөл атқарды, ал қазіргі Иран ислам әлемінде ЖІӨ (АҚТ) экономикасы бойынша төртінші, Батыс Азияда екінші орында (Түркиядан кейін[5]). Иран — аймақтағы технология жағынан ең дамыған мемлекеттердің бірі. Иран Еуразияның стратегиялық маңызды аймағында орналасқан және мұнай мен табиғи газдың үлкен қорына ие.
Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 83,1 млн. адам. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белудждар, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Ірі қалалары: Тегеран (айналасын қосқанда 14 млн-нан астам тұрғын), Машһад (2,5 млн.), Исфаһан (1,6 млн.), Тебриз (1,4 млн), Кередж (1,3 млн), Шираз (1,2 млн). Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (2021 жылдан бастап Сейид Ибрахим Раиси) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (межлис, mejlis) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.