Грузия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грузия, Гүржістан немесе Гүржия, Грузия Республикасы (груз. საქართველო [sɑkʰɑrtʰvɛlɔ], Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия және Әрменстан мемлекеттерімен шектесіп жатыр.
Грузия груз. საქართველო | |||||
| |||||
Ұран: «ძალა ერთობაშია (қаз. Қуат — бірлікте)» | |||||
Әнұран: «Еркіндік» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 26 мамыр 1918 жыл (КДФР-дан) 9 сәуір 1991 жыл (КСРО-дан[1]) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | грузин тілі | ||||
Елорда | Тбилиси Кутаиси (заң шығарушы орган) | ||||
Ірі қалалары | Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Рустави, Зугдиди, Гори, Поти, Сухуми, Цхинвали | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Парламент төрағасы |
Саломе Зурабишвили Ираклий Гарибашвили Шалва Папуашвили | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 119-шы орын 69 700 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2014) • Тығыздығы |
3 723 500[2] адам (130-шы) 3 713 804[a][3] адам 53,5 адам/км² (137-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
46,055 млрд.[4] $ (112-ші) 12,409[4] $ (101-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
17,836 млрд.[4] $ (118-ші) 4,805[4] $ (105-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,780[5] (жоғары) (70-шы) | ||||
Валютасы | Лари | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ge | ||||
ISO коды | GE | ||||
ХОК коды | GEO | ||||
Телефон коды | +995 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC-4:00 |
Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 3,9 млн. Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари. 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).