![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/88/Informal_economy_1995.png/640px-Informal_economy_1995.png&w=640&q=50)
Жалпы ішкі өнім
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. gross domestic product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/59/GDP_nominal_per_capita_world_map_IMF_2008.png/640px-GDP_nominal_per_capita_world_map_IMF_2008.png)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d4/GDP_PPP_Per_Capita_IMF_2008.svg/640px-GDP_PPP_Per_Capita_IMF_2008.svg.png)
Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.[1]
- атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.
- нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].
- Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.
- Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.
- Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/88/Informal_economy_1995.png/640px-Informal_economy_1995.png)