Аббас әулетінің қолбасшысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбу Муслим, Абд әр-Рахман (727 ж.ш., Исфахан өлкесі, Балх — 755) - Аббаси халифаты генералы.
Туған жылы, шыққан тегі туралы мәліметтер нақты емес. 737 ж. Саид әл-Иджлидегі шииттер көтерілісіне қатынасқан деген болжамдар бар. Содан кейін Хорасан шаһарында Аббас әулеті қағидасын таратушылардың жетекшісі Әбу Салемнің қолына құлдыққа берілген. Кейін Ибраһим ибн Мұхамедтің (Аббасуиннің) көзіне түсіп ол Әбу Муслимді құлдықтан босатып, оған Әбд әр-Рахман деген ат беріп, өзіне жақын тартты. Ибраһим 747 ж. наурызында Әбу Муслимді өз өкілі ретінде Хорасанға жіберді. Ол мұнда омея әулетіне қарсы көтерілісті басқарды. Сол жылы Мерв өңірінде де осындай көтеріліс ұйымдастырып, оған өзі жетекші болды. Көтеріліске прасы шаруаларын, бірқатар араб тайпаларын, қашқын құлдарды, дихандарды тартты. 747 жылдың соңы мен 748 жылдың бас кезінде Әбу Муслим әскері Мервті алды, іле Нишапур мен Тусті бағындырды. 749 ж. Омейя әулетін Нехавенда маңында тізе бүктіріп, көп ұзамай біржола талқандады. Әбу Муслим әскерінің Зииад ибн самах деген қолбасшысы 751 жылдың шілдесінде Қытай армиясын Тараз қаласында талқандап, Сырдың арғы бетінде Аббас әулетінің үстемдігін орнатты. Әбу Муслимнің жылдам өсіп бара жатқан беделінен Аббас әлетінің өздері қауіптенді де, оның көзін жоюды ойластырды. Уәзірлерінін орынсыз әрекеттері мен талабы күшейгенін сезген Әбу Муслим Мервтен Хорасанға аттанды. Бірақ халиф Мәнсүр оны түсініктеме алу үшін деген желеумен шақыртып алды да, осы кездесуде 755 ж. ақпанда ол кісі қолынан қаза болды. Әбу Муслим сегіз жылғы белсенді діни-саяси басқару қызметінде “аса қатал” шииттер ілімін қолдаған жоқ. Әбу Муслим қайтыс болған соң шииттердің кейбір бөліктері оны имам ретінде қабылдап, есімін “Әбу Мүслімшілдер” ағымының қалыптасуына ұйтқы ретінде қолданды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.