Фирдауси жазған парсы эпосы From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаһнама (парсы: شاهنامه – «Патшалар кітабы», «Патша кітап»[1]) — 977–1010 жылдары парсы ақыны Әбілқасым Фирдауси тарапынан жазылған эпикалық поэма, парсы әдебиетініӊ дүр мұрасы, иран халықтарыныӊ ұлттық эпосы.
Шаһнама | |
парсы: شاهنامه | |
Музыкант Барбад Шах Бахрам Гур мен оның сотталушыларының көңілін көтереді (Бруклин мұражайы). | |
Жанр | |
---|---|
Авторы | |
Түпнұсқа тілі | |
Жазылған жыл |
977–1010 жж. |
Аударма |
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы 1936 ж. |
Шаһнамада ежелгі заманнан бастап VII ғасырға дейінгі Иранныӊ тарихы әӊгімеленген. Бір жазушыныӊ қаламынан шыққан әлемдегі еӊ ұзын поэма, тіпті «Илиада» мен «Одиссеяны» бірге қосып алса да Шаһнаманыӊ көлемі екеуінен де екі есе үлкен[2]. Фирдоусидіӊ өзініӊ айтуы бойынша, Шаһнамада 60 000 бейт[3][4] өлеӊ болған. Мәтінніӊ кейбір бөлімшелері жоғалған деп есептеледі. Кейбір бөлімшелерден басқа авторлардыӊ өз сөзімен қайта айтқан әӊгімелері сақталған.
35 жыл жазылған Шаһнама басында түркі билеуші Махмуд Ғазнауидыӊ дәуірінде жазыла басталып, соған арналған. Бастапқы өлеӊдер жиынтығы «Құдайнама» («Хвадай-намак») деп аталған, кейінірек «Шаһнама» деген атау пайда болды.
Негізі бастапқы кезде Шаһнаманы жазғанда Фирдоуси өзініӊ ізашары Дақиқидің[5] бастаған мыӊ өлеӊін және халық ауыз шығармашылығын көп пайдаланған. Былайынша айтқанда, Шаһнама — парсы фольклорыныӊ үлкен жиынтығы. Поэмада ежелгі иран мифологиясыныӊ оқиғалары, исламға дейінгі эпостар, мұсылман тарихыныӊ әӊгімелері және зороастризмныӊ киелі қасиетті кітабы — Авестаны қолданған.
Шаһнама 50 патша биліктерініӊ дәуірлері туралы әр түрлі көлемдегі дастандарға бөлінген. Жалпы поэманы үш мағыналық бөлімшеге бөледі, олар
Эпостыӊ төтенше маӊызды мәні болған, алайда араб тілініӊ әсеріне ұшыраған жағдайда парсы тілініӊ қалыптасуында, жалпы парсы мәдениетініӊ өркендеуінде бұл еӊбектін үлесі көп. Қазіргі таӊда Шаһнаманы тек қана Иран мен Ауғанстан[6] емес, басқа да парсы мәдениетініӊ әсерінде болған халықтар (мысалы, Грузия, Армения, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Дағыстан) өздерініӊ ұлттық эпосы деп табады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.