Антигитлерлік коалиция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Антигитлерлік коалиция (ағылш. Allies of World War II) – 1939-45 жылдары нацистік блоктың, яғни Ось елдері: Германия, Италия Жапония және олардың сателлиттері мен одақтастарының елдеріне қарсы Екінші Дүниежүзілік Соғыста соғысқан мемлекеттер мен халықтардың бірлестігі. Соғыс жылдары антигитлерлік коалицияның синонимі АҚШ Президенті Ф.Рузвельт ұсынған және 1942 жылғы Біріккен Ұлттар Декларациясында алғаш рет кездескен Ұлттар Бірлестігі болды. Коалицияның соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі әсері өте зор, оның негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды.