Eurovision ән байқауының 69-шығарылымы From Wikipedia, the free encyclopedia
Eurovision ән байқауы 2025 (ағылш. Eurovision Song Contest 2025, фр. Concours Eurovision de la chanson 2025, нем. Eurovisionsliedstreit 2025) — жыл сайын өткізілетін Eurovision ән байқауының өткізілуі жоспарланған 69-шығарылымы. Алдыңғы жылы өткен «Eurovision 2024» ән байқауындағы «The Code» әнімен Nemo-ның жеңісінен кейін 2025 жылғы Eurovision ән байқауы 2025 жылғы 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында Швейцарияның Базель қаласындағы «Санкт-Якобсхалле» аренасында өтеді.[4] Бұл Eurovision ән байқауының Швейцарияда соңғы рет 1956 жылы Луганода және 1989 жылы Лозаннада өткізілген байқаулардан кейін үшінші рет өткізілгені болады. Eurovision ән байқауының 2025 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Swiss Broadcasting Corporation (SRG SSR) телекомпаниясы болады. Байқаудың жартылай финалдары 2025 жылғы 13 және 15 мамырда, ал финалы 17 мамырда өткізілуі жоспарланған.[5]
Бұл мақалада болашақта болатын оқиға туралы баяндалады. |
Eurovision ән байқауы 2025 United by Music[1] («Музыкамен біріккен») | |
---|---|
1-жартылай финал | 13 мамыр 2025 |
2-жартылай финал | 15 мамыр 2025 |
Финал | 17 мамыр 2025 |
Өткізілу орны | «Санкт-Якобсхалле», Базель, Швейцария |
Супервайзер | Мартин Эстердаль[2] |
Продюсер | Рето Перитц Мориц Штадлер[3] |
Телерадио хабарын таратушы | SRG SSR |
Дауыс беру жүйесі | |
Әр елдің кәсіби қазылар алқасы 10 әнге 12, 10, 8–1 ұпайдан тұратын топтаманы береді. Дүние жүзіндегі көрермендер 20 әнге дауыс бере алады және олардың дауыстары пропорционалды түрде бөлінеді. Қазылар алқасының және көрермендердің дауыстары барлық дауыстардың 50% құрайды. | |
Қатысушылар саны | 32 (2024 жылғы қазан бойынша) |
Қайтып келгендер | Черногория |
Қатысушылар картасы
Қатысуын растаған елдер Бұрын қатысқан елдер | |
Eurovision ән байқауы | |
2024 ← → 2026 | |
Eurovision ән байқауы 2025 |
Байқауды өткізу құқығын алдыңғы жылғы байқауда жеңімпаз атанған Аустралиядан басқа барлық ел автоматты түрде алады, Аустралия жеңген жағдайда Eurovision ән байқауы Еуропалық хабар тарату одағы мен Special Broadcasting Service телекомпаниясы таңдаған еуропалық елде өтеді.
Швейцария 2024 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін келесі күні, 12 мамырда Женеваның жергілікті билігі 2025 жылғы шығарылымды Palexpo конференция орталығында өткізуге қызығушылық танытып, ресми өтінім берді.[6][7] Сол күні Базель-Штадт үкіметінің президенті Конрадин Крамер 2025 жылғы шығарылымды Базельде өткізуге қызығушылық танытатынын мәлімдеді.[8] 12 мамыр күні ықтималды өткізілу орын ретінде Санкт-Галлендегі Olma Hall ұсынылды.[9][10] 13 мамыр күні 1956 жылғы шығарылым өткен Лугано қаласы 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты. Оның басты себебі — Луганода және Тичино кантонында қолайлы орындардың жоқтығы, қалада 15 мыңға дейін көрерменді қабылдай алатын орындар жоқ. Берн кантоны үкіметінің президенті Филипп Мюллер бұл байқауда «антисемитизмнің өсуіне» сілтеп, байқауды Швейцарияның де-факто астанасы Бернде өткізуді қаламайтынын білдірді.[11][12] Мюллерге 15 мамырда бүкіл кантондық Берн үкіметі ашық түрде қарсы шықты. Кантон кеңесі Nemo-ны құттықтап, байқаудың Бернде ұйымдастырылуына қолдау көрсететінін мәлімдеді.[13] Осы уақытта Цюрих қалалық кеңесі өтінімді талқылау үшін «жоғары басымдылықтағы» отырыс өткізді деп хабарланды.[14][15] 14 мамыр күні 1989 жылғы шығарылым өткен Лозанна қаласы инфрақұрылымның жоқтығына сілтеме жасап, 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты.[16] 15 мамырда Nemo-ның туған қаласы Биль бұл іс-шараға қатысуға және оны бірлесіп өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді.[17] 17 мамыр күні Фрибур қаласының жергілікті үкіметі өтінім берудің ықтималдылығын қарастырып жатқанын мәлімдеді.[18] 5 маусым күні Базель-Штадт үкіметі байқаудың өткізілуі ықтимал орындары ретінде Санкт-Якобсхалле мен Санкт-Якоб Паркты ұсына отырып, қалалар арасындағы іріктеу байқауына қатысатынын растады.[19] 6 маусым күні Биль және Берн муниципалитеттері бірлескен өтінім берудің ықтималдылығын жариялады.[20][21] 12 маусым күні Санкт-Галлен іс-шараны өткізуге қойылатын талаптарға сай келмейтініне байланысты өтінімді ұсынбайтынын хабарлады.[22]
SRG SSR телерадио хабарын таратушысы 2024 жылдың 27 мамырындағы аптада байқауды өткізуге мүдделі қалаларға қойылатын талаптар тізімін шығару арқылы қалалар арасындағы іріктеу байқау процесін бастады.[23] Базель, Берн, Женева және Цюрих ресми түрде қызығушылық танытып, 28 маусымда өтінім беруін аяқтады.[24][25] Байқауды өткізуші елдің телерадио хабарын таратушысының өкілдері шілденің басында іріктеу байқауына қатысушы төрт қалаға барды,[26][27] ал 19 шілдеде Базель мен Женеваны іріктеп, шорт-листке енгізді.[28] 30 тамызда ЕХТО және SRG SSR қабылдаушы қала ретінде Базельді жариялады, ал таңдалған өткізілу орны ретінде Санкт-Якобсхалле болды.[29]
Белгілер:
† Өткізуші қала
* Шорт-листке енген
^ Жеребеге өтінім берген
Қала | Өткізілу орны | Жазбалар | Дер. |
---|---|---|---|
Базель † | Санкт-Якоб Парк | Бұл жерде УЕФА Еуропа лигасының финалы 2016 өтті және УЕФА әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионаты 2025 өтеді. Ұсыныс стадионды жабу үшін шатырдың құрылысына байланысты. | [8][30][31] |
Санкт-Якобсхалле | Бұл жерде жыл сайын Swiss Indoors теннис турнирі өтеді. | ||
Берн қаласы Биль қаласымен бірге ^ | Neue Festhalle | Ұсыныс Bernexpo кешенінің аумағында салынуы жоспарланған музыкалық алаңға негізделген болатын. Жеребеге Биль қаласымен бірге өтінім берді. | [32][33] |
Женева * | Palexpo | Жыл сайынғы Женева халықаралық автосалоны өткізілді. Сондай-ақ, Дэвис кубогы 2014 жарысының жартылай финалдары және Лейвер кубогы 2019 өткізілді. | [34] |
Санкт-Галлен | Olma Hall | — | [9][35] |
Цюрих ^ | Халленштадион | 1993—2008 жылдары аралығында жыл сайынғы Zurich Open турнирі өткізілді. | [36][37] |
Swiss Life Arena | — |
2023 жылдың 14 қарашасында Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Sveriges Television (SVT) Eurovision ән байқауы 2023 ұраны — United by Music (қаз. Музыкамен біріккен) — Eurovision ән байқауының тұрақты ұраны ретінде таңдалғанын жариялады. 2025 жылғы байқау осы ұранмен өтеді.[38]
Қатысушы елдердің жартылай финалындағы өнер көрсету ретін анықтау үшін жеребе салу ұйымдастырылады. «Блокталған дауыс беру» ықтималдығын азайту және жартылай финалдағы шиеленісті күшейту үшін жартылай финалистер тарихи дауыс беру үлгілеріне негізделген бірнеше себетке бөлінген. Жеребе өткен жылғы жеңімпаз ел мен «Үлкен бестіктің» (Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбритания) қай жартылай финалда дауыс беретінін де анықтайды.
Eurovision ән байқауына қатысу құқығына ие болу үшін Eurovision жүйесі арқылы байқауды қабылдауға және оны бүкіл ел бойынша тікелей таратуға қабілетті Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын ұлттық телерадио хабарын таратушысы қажет. ЕХТО барлық белсенді мүшелерін байқауға қатысуға шақырады. «Үлкен бестікке» кіретін елдер мен қабылдаушы ел Швейцария байқаудың финалына автоматты түрде өтеді деп, ал қалған барлық елдер екі жартылай финалдың біріне орналасады деп күтілуде.
2024 жылдың қазанындағы жағдай бойынша 33 ел Eurovision 2025 ән байқауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
Ел | Телерадио хабарын таратушы |
Әртіс | Ән | Тілі | Ән авторлары |
Дер. |
---|---|---|---|---|---|---|
Албания | RTSH | [39][40] | ||||
Аустрия | ORF | [41] | ||||
Әзербайжан | İTV | [42] | ||||
Бельгия | VRT | [43] | ||||
Грузия | GPB | [44] | ||||
Германия | NDR[45] | [46] | ||||
Грекия | ERT | [47] | ||||
Дания | DR | 2025 жылдың 1 наурызында анықталады | [48] | |||
Исландия | RÚV | [49] | ||||
Ирландия | RTÉ | [50] | ||||
Испания | RTVE | 2025 жылдың 1 ақпанында анықталады[51] | [52] | |||
Израиль | IPBC | [53][54] | ||||
Италия | RAI | 2025 жылдың 15 ақпанында анықталады[55] | [56] | |||
Кипр | CyBC | Тео Эван[57] | [58] | |||
Латвия | LTV | 2025 жылдың ақпан айында анықталады[59][60] | [61] | |||
Литва | LRT | 2025 жылдың 15 ақпанында анықталады[62] | [63] | |||
Люксембург | RTL | 2025 жылдың қаңтар айында анықталады[64] | [65] | |||
Норвегия | NRK | [66] | ||||
Португалия | RTP | 2025 жылдың наурыз айында анықталады[67] | [68] | |||
Сан-Марино | SMRTV | 2025 жылдың 22 ақпанында анықталады[69][70] | [71] | |||
Сербия | RTS | 2024 жылғы 1 қарашадан кейін анықталады | [72] | |||
Словения | RTVSLO | 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін анықталады[73] | [74] | |||
Украина | Suspilne | 2025 жылдың ақпан айында анықталады[75] | [76] | |||
Ұлыбритания | BBC | [77] | ||||
Франция | France Télévisions | [78] | ||||
Финляндия | Yle | 2025 жылдың ақпан айында анықталады | [79] | |||
Хорватия | HRT | 2025 жылдың ақпан айында анықталады[80] | [80] | |||
Черногория | RTCG | 2024 жылдың 26 қарашасында анықталады[81] | [82][83] | |||
Чехия | ČT | [84] | ||||
Швеция | SVT | 2025 жылдың 8 наурызында анықталады[85][86] | [87] | |||
Швейцария | SRG SSR | [88] | ||||
Эстония | ERR | 2025 жылдың 15 ақпанында анықталады | [89] |
2025 жылғы Eurovision ән байқауына швейцариялық ұлттық Swiss Broadcasting Corporation (SRG SSR) телерадио хабарын таратушы компаниясы продюсерлік етеді. Негізгі команда атқарушы продюсердер ретінде Рето Перитц пен Мориц Штадлерден[97] және шоу жетекшісі ретінде Ив Шифферледен тұрады. Алдыңғы шығарылымдағы рөлдерін Кристер Бьоркман байқау жетекшісі ретінде және Тобиас Оберг өндіріс басшысы ретінде, сонымен қатар, өзге де өндіріс қызметкерлері, соның ішінде Надя Буркхардт-Тракол іс-шараның жетекшісі ретінде, Манфред Винц қаржы басшысы ретінде, Аврору Шатар қауіпсіздік бөлімінің басшысы ретінде және Кевин Штубер заң бөлімінің басшысы ретінде қайталайды.[98][99]
Байқауды ұйымдастыру 2025 жылға дейін қайта құрылымдалады; Бұл туралы ЕХТО 2024 жылғы 1 шілдеде 2024 жылғы байқаудың даулы мәселелерін қарастырғаннан кейін хабарлады.[100] Мартин Эстердаль 2021 жылғы шығарымнан бері атқарып келген атқарушы супервайзер лауазымы шоу супервайзері болып өзгертілді және екі жаңа лауазым құрылды: Eurovision ән байқауы директоры және бренд және коммерция бөлімінің басшысы. Eurovision ән байқауы директоры шоу супервайзері мен бренд және коммерция бөлімінің басшысының жұмысын қадағалайды.[101]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.