From Wikipedia, the free encyclopedia
Антисемитизм - [Ӏнжілдегі Сим - Нүқ пайғамбардың ұлдарының бірінің атымен байланысты] - еврейлерге қатысты жауласқан өшпенділіктің, ұлттық санаспаушылықтың түрі. Антисемитизм түп-тамыры Таяу Шығыстағы мемлекеттер мен халықтардың өзара жауыққан сонау ежелгі Ӏнжіл заманынан бастау алады. Кейіннен Еуропаға және басқа елдерге тараған еврейлер ұлттық және діни кемсітушілікке ұрынды.
Антисемитизм күрт қарқынды дамуы XX ғасырдағы реакциялық әлеуметтік-саяси күштердің ұлтшылдықтың бұл түрін бейбітшілікпен, демократиямен және дамумен күрес үшін қолдануында. Антисемитизм жабайы, тұрпайы, бұқаралық түрлері (геноцид, қырып-жою) "бүкіләлемдік еврейлердің сыбайластығы" желеуімен фашистік Германия 6 млн, II дүниежүзілік соғыс кезінде кеңестік 3 млн-дай еврейлердің қырғынға ұшырағаны белгілі. Антисемитизм түрлері соғыстан кейінгі жылдарда көптеген ел¬дерде жалғасын тапты (Франциядағы лепеневшілер, АҚШ-тағы жекелеген фа-шистік ұйымдардың іс-әрекеттері, КСРО-дағы қолдан жасалған "кісі өлтіруші дәрігерлер ісі", қазіргі Ресейдегі "Память" ұйымы және т.б.). Антисемитизм сионизмнің отына май құйып, сырттай ұлттық санаспаушылықтың қарама-қарсы бағытын дамытып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврейлердің Израильге жаппай көшуіне түрткі болады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Antisemitism |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.