Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындары |
Ұйымдар |
Хартия • ХОК • ҰОК • Рәміздер Спорт түрлері • |
Ойындар |
Көне Олимпиада ойындары Жазғы Олимпиада ойындары Қысқы Олимпиада ойындары Паралимпиада ойындары Жасөспірімдер Олимпиада ойындары |
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Шығу тарихы
Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.
Даму барысы
19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6 – 15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.
Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері
Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.
Бүл дәстүр, Лондонда өткен 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан басталады. Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталатын, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйлаған болатын.
Бұл Олимпиада ойындарының алтын медальдарына ең көп ие болған спортшылар тізімі.
Спортшы | Ел | Спорт түрі | Олимпиада | Барлығы | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Майкл Фелпс | АҚШ | Жүзу | 2000-б.к. | 14 | 0 | 2 | 16 |
Рей Юри | АҚШ | Жеңіл атлетика | 1900-1908 | 10 | 0 | 0 | 10 |
Лариса Латынина | КСРО | Гимнастика | 1956-1964 | 9 | 5 | 4 | 18 |
Пааво Нурми | Финляндия | Жеңіл атлетика | 1920-1928 | 9 | 3 | 0 | 12 |
Парк Спитц | АҚШ | Жүзу | 1968-1972 | 9 | 1 | 1 | 11 |
Карл Льюис | АҚШ | Жеңіл атлетика | 1984-1996 | 9 | 1 | 0 | 10 |
Дэли Бьорн | Норвегия | Шаңғы жарысы | 1992-1998 | 8 | 4 | 0 | 12 |
Савао Като | Жапония | Гимнастика | 1968-1976 | 8 | 3 | 1 | 12 |
Дженни Томпсон | АҚШ | Жүзу | 1992-2004 | 8 | 3 | 1 | 12 |
Мэтт Бионди | АҚШ | Жүзу | 1984-1992 | 8 | 2 | 1 | 11 |
Николай Андрианов | КСРО | Гимнастика | 1972-1980 | 7 | 5 | 3 | 15 |
Екі түрлі спорт түрінен чемпиондар болған спортшылар
- Қысқы және жазғы
- Эдди Иган (1897/1967) АҚШ - Бокс 1/0/0 және Бобслей 1/0/0
- Якоб Тулин Тамс (1898/1954) Норвегия - Шаңғы жарысы 1/0/0 және Желкенді спорт 0/1/0
- Криста Лудинг (1959) Үлгі:GDR - Мәнерлеп сырғанау 2/1/1 және Велоспорт 0/1/0
- Клара Хьюз (1972) Канада - Велоспорт 0/0/2 және Мәнерлеп сырғанау 1/1/2
- Жазғы
- Отто Хершман (1877/1942) Аустрия - Жүзу 0/1/0 және Семсерлесу 0/1/0
- Пол Радмилович (1896/1968) Ұлыбритания - Жүзу 1/0/0 және Су добы 3/0/0
- Джонни Вайсмюллер (1904/1984) АҚШ - Жүзу 5/0/0 және Су добы 0/0/1
- Росвита Краузе (1949) Германия - Жүзу 0/1/0 және Қол добы 1/1/0
- Тим Шоу (1957) АҚШ - Су добы 0/1/0 және Жүзу 0/1/0
- Ребекка Ромеро (1980) Ұлыбритания - Есу 0/1/0 және Велоспорт 1/0/0
- Қысқы
- Зузи Эрдман (1968) Үлгі:GDR - Шана спорты 0/1/1 және Бобслей 0/0/1
- Герда Вайссенштайнер (1969) Италия - Шана спорты 1/0/0 және Бобслей 0/0/1
Олимпиада нышандары
Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.
Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.
Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.
Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "тезірек, жоғарырақ, күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.
Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.
Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері
XIX ғасыр | XX ғасыр | XXI ғасыр | |||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Спорт түрі | 96 | 00 | 04 | 06 | 08 | 12 | 20 | 24 | 28 | 32 | 36 | 48 | 52 | 56 | 60 | 64 | 68 | 72 | 76 | 80 | 84 | 88 | 92 | 96 | 00 | 04 | 08 | 12 | 16 | ||||
Жеңіл атлетика | 12 | 23 | 25 | 21 | 26 | 30 | 29 | 27 | 27 | 29 | 29 | 33 | 33 | 33 | 34 | 36 | 36 | 38 | 37 | 38 | 41 | 42 | 43 | 44 | 46 | 46 | 47 | 47 | # | ||||
Есу | 5 | 5 | 6 | 4 | 4 | 5 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | # | |||||
Бадминтон | · | · | 4 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | # | ||||||||||||||||||||||||
Баскетбол | · | · | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||
Бокс | 7 | 5 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 10 | 10 | 10 | 10 | 11 | 11 | 11 | 11 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 11 | 11 | 13 | # | ||||||||
|
Байдаркада және каноэде есу | · | 9 | 9 | 9 | 9 | 7 | 7 | 7 | 7 | 11 | 11 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | 12 | # | ||||||||||||
Слаломдық есу | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | # | |||||||||||||||||||||||||
В е л о с п о р т |
БМХ | 2 | 2 | # | |||||||||||||||||||||||||||||
Маунтинбайк | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | |||||||||||||||||||||||||||
Трек жарысы | 5 | 2 | 7 | 5 | 6 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 5 | 5 | 5 | 4 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 12 | 12 | 10 | 10 | # | |||||
Шоссе жарысы | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 3 | 3 | 3 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | # | |||||||
Ат спорты | 3 | 5 | 7 | 5 | 6 | 5 | 6 | 6 | 6 | 6 | 5 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | 6 | # | # | ||||||||
Семсерлесу | 3 | 7 | 5 | 8 | 4 | 5 | 6 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | # | ||||
Футбол | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||
Гольф | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||||||||||||
Г и м н а с т и к а |
спорттық | 8 | 1 | 11 | 4 | 2 | 4 | 4 | 9 | 8 | 11 | 9 | 9 | 15 | 15 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | # | |||
көркем | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||||||
батут | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||||||||||
Ауыр атлетика | 2 | 2 | 2 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 6 | 7 | 7 | 7 | 7 | 7 | 9 | 9 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 15 | 15 | 15 | 15 | # | |||||||
Қол добы | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||
Көгалдағы хоккей | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||
Дзюдо | 4 | 6 | 6 | 8 | 8 | 7 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | 14 | # | ||||||||||||||||||||
Күрес | 1 | 8 | 4 | 10 | 5 | 10 | 13 | 13 | 14 | 14 | 16 | 16 | 16 | 16 | 16 | 16 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 20 | 16 | 18 | 18 | 18 | # | |||||
Ж ү з у |
Жүзу | 4 | 7 | 9 | 4 | 6 | 9 | 10 | 11 | 11 | 11 | 11 | 11 | 11 | 13 | 15 | 18 | 29 | 29 | 26 | 26 | 29 | 31 | 31 | 32 | 32 | 32 | 34 | 34 | # | |||
Синхронды жүзу | 2 | 2 | 2 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||||||
Суға секіру | 2 | 1 | 2 | 4 | 5 | 5 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 8 | 8 | 8 | 8 | # | ||||||
Су добы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||
Қазіргі бессайыс | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 1 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | |||||||||
Регби | 1 | 1 | 1 | 1 | # | ||||||||||||||||||||||||||||
Таэквондо | · | · | 8 | 8 | 8 | 8 | # | ||||||||||||||||||||||||||
Теннис | 2 | 4 | 2 | 4 | 6 | 8 | 5 | 5 | · | · | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 5 | # | |||||||||||||||
Үстел теннисі | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | # | |||||||||||||||||||||||||
Садақтан ату | 6 | 6 | 3 | 10 | 2 | 2 | 2 | 2 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | # | |||||||||||||||||
Нысана көздеу | 5 | 9 | 16 | 15 | 18 | 21 | 10 | 2 | 3 | 4 | 7 | 7 | 6 | 6 | 7 | 8 | 7 | 7 | 11 | 13 | 13 | 15 | 17 | 17 | 15 | 15 | # | ||||||
Триатлон | 2 | 2 | 2 | 2 | # | ||||||||||||||||||||||||||||
|
Жағажай волейболы | · | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | |||||||||||||||||||||||||
Волейбол | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | # | |||||||||||||||||||
Желкенді спорт | 7 | 4 | 4 | 14 | 3 | 3 | 4 | 4 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 6 | 6 | 6 | 7 | 8 | 10 | 10 | 11 | 11 | 11 | 10 | # | |||||||
Барлық жарыстар | 43 | 86 | 96 | 78 | 110 | 102 | 156 | 126 | 109 | 116 | 129 | 136 | 149 | 151 | 150 | 163 | 172 | 195 | 198 | 203 | 221 | 237 | 257 | 271 | 300 | 301 | 302 | 300 | # |
Олимпиада ойындарының өткізілу орындары
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді.
Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз дауыс жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Аустралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19):
Астында 2020 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының тізімі көрсетілген.
Қазақстан Олимпиада ойындарында
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- ХОК ресми сайты (ағыл.)
- Олимпиада статистикасының сайты (ағыл.)
- Олимпиада ойындарының мұражайы (ағыл.)
- Олимпиада ойындары туралы ресми репортаждар Мұрағатталған 12 маусымның 2007 жылы. (ағыл.)
- Анықтама. Олимпиада ойындары жүлдегертері Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2012 жылы.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.