Су добы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
СУ ДОБЫ – суда өткізілетін командалық ойын. 30х20 м су айдынында қарама-қарсы ұз. 3 м, биктігі 0,9 м қақпа қойылып, салмағы 400 – 500 г, шеңбері 68 – 71 см доппен екі (әр командада 7 адам) команда ойнайды. Ойын 5 минуттан төрт кезеңде өтеді. Су добы алғаш рет Англияда пайда болды. 1900 ж. Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. 1925 жылдан бастап Су добынан КСРО чемпионаты өтті. Қазақстанда 1950 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанның ерлер командасы КСРО чемпионы (1981 – 82), күміс жүлдегері (1984, 1988), қола жүлдегері (1978, 1980, 1983, 1985) және Азия ойындарының чемпионы (1994, 1998), Азия чемпионы (1995, 2000). КСРО халықтары спартакиадасының күміс (1987) және қола жүлдегері (1971, 1983) болып, бірқатар Олимпияда ойындарына қатысқан (2000, Сидней, Афина, 2004). Қыздар командасы екі дүркін КСРО чемпионы және кубогының иегері (1990 – 91) атанды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.