From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бәр спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты.
Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында— 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды. 2000 жылы FIS құрамында 98 ұлттық федерациялар болды.
Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».
Бастапқы «классикалық стилге» алдын ала дайындалған екі коллеядан тұратын шаңғы іздерімен бүкіл қашықтықты жүгіріп өтуді жатқызады. «Классикалық» шаңғымен жүгіруде спортшы екі таяқты кезек кезек пайдалану (яғни итеру) немесе екеуімен бір уақытта итеріп қозғалады. Бір циклдағы қадам бойынша бірқадамды, алмакезек екіқадамды және қадамсыз жүру бойынша бөлінеді.
«Еркін стиль» аты айтып тұрғандай сопртшы өзі қалай жүгірем десе солай ерікті дегенді білдіреді, , ал «классикалық» жүгіру жылдамдығы бойынша «конькиліктен» баяу болғандықтан, «Еркін стиль» мен «конькилік жүгіру» синоним болып кеткен. Конькилік жүгіру 1981 жылдан бері кең тараған, сол жылы оны алғашқы рет сол кездегі 40 жастан астқан финн шаңғышысы Паули Сиитонен пайдаланып (55 км жарыста) жеңіп шыққан. Ең кең тараған бір уақыттағы екіқадамды конькилік жүгіру (жазықтар мен аз және орта көлбеуліктерде пайдаланылатын) мен бір уақыттағы бірқадамды конькилік жүгіру (стартта үдеуду,жазықтар мен 10-12° төбелерде пайдаланылады).
Өрді бағындыру үшін конькилік жүгіру әдісімен немесе: сырғанау қадамы (өрлігі 5° тен 10°), ступающим шагом (10° тан 15°), жүгіру қадамымен (15° тен жоғары), «жартылайшыршалық», «шыршалық», «баспалдақтық» (жарыстарда қолданылмайды).
Сопртшылар төмен түсерде тұрудың тізе бүгілу айырмашылығы бар әртүрлі бірнеше әдісін пайдаланады. Жоғарғы тұруда тізе бүгу бұрышы 140—160°, орта тұруда 120—140° , екеуі де тегіс емес еңістіктерде пайдаланылады. Тегіс еңістерде ең жылдам, төменгі тұру, тізе бүгілу бұрышы 120° пайдаланылады.
Бұл жарыста спортшылар белгілі бір ретпен белгілі уақыт аралықтарында стартпен жарысты бастайды. Әдетте уақыт аралығы 30 с (өте сирек — 15 с немесе 1 мин). Спортшылар реті жеребемен немесе сол мезеттегі сопртшылар рейтингісімен (мықты спортшылар соңында) анықталады. Жұпты бөлек старттар болады. Спортшының жарыс уақыты «фиништегі уақыт» минус «старттағы уақыт» формуласымен есептеледі.
Масс-старт барлық спортшылар бір уақытта стартқа шығады. Ең жоғарғы рейтингілі сопртшылар ең ыңғайлы орындарда тұрады. Жарыс уақыты сопртшылардың фиништегімен уақытымен бірдей болады.
Қуу жарыстары (персьют, ағылш. pursuit — қуу) бірнеше этаптан тұратын жарыс болып табылады. Спортшылардың старттық орындары алдыңғы этап нәтижелеріне байланысты (алғашқы этаптан басқасында). Әдетте құұ жарыстары екі этаптан тұрады: бір этапты классикалық жүгірумен, ал екіншісін — еркін стильмен жүгіреді.
Үзілісті Қуу жарыстары екі күнде өтеді, сирек — бірнеше сағат үзіліісмен. Әдетте бірінші этап бөлек стартты болады. Оның нәтижесі бойынша сопртшылардың көшбасшыдан қалған уақыты анықталады. Екінші этап гандикаптары сол бірінші этаптағы уақыт айырмашылығына тең болатындай басталады. Яғни бірінші этап жеңімпазы екінші этапты бірінші бастайды. Жалпы нәтиже екінші этап фиништік уақытымен сәйкес болады.
Үзіліссіз Қуу жарыстары (дуатлон; 2011 ж. маусымда ФИС ресми түрде «дуатлонды» «скиатлон» деген атпен ауыстырды[1]) жалпы стартпен басталады. Бір стильмен жарыстың бірінші бөлімін аяқтап арнайы жерде сопртшылар шаңғыларын ауыстра салып екінші стильмен екінші бөлімін бастайды. Жалпы нәтиже фиништік уақытпен сәйкес келеді.
Эстафеталарда төрт спортшыдан тұратын командалар жарысады (сирек — үштен). Төрт этаптан тұрады (сирек — үштен). Эстафеталар бір стильмен өтуі мүмкін (барлық қатысушылар классикалық немесе тек қана еркін стильмен жүгіреді) немесе екі стильмен де (1 мен 2 этапты классикалық, ал 3 мен 4 этапты — еркін стильмен) өтуі мүмкін . Эстафета масс-стартпен басталады, жақсы орындарда жеребе бойынша немесе алдыңғы баламалы жарыстарда жоғары орын алған командалар жайғасады. Эстафетаны беру стартта тұрған өз командасының қатысушысын алақанымен кез келген дене мүшесіне тигізуімен жүргізіледі, екі қатысушы да бұл кезде эстафета беру аймағында болулары тиіс. Команда уақыты деп «команда соңғы қатысушысының фиништік уақыты» минус «алғашқы қатысушының старттық уақыты» (әдетте ол нөлге тең).
Жеке спринт жарысы жеке старт формантында өтетін іріктеуден (пролог) басталады. Одан кейін іріктелген спортшылар финалдық спринтта, әр форматтағы масс-старт жарысына түседі, масс-старт төрт (өзгеріп тұрады) адамнан тұрады. Финалдық жарыстарға іріктелетін сопртшылар саны 30дан аспайды. Алдымен ширек финал, сосын жартылай финал, ақыры финал А өтеді. Қоыртынды нәтижелер былай құралады: А финалы нәтижесі, жартылай финла қатысушылары, ширек финалшылар, ақыры іріктеуден өтпегендер.
Командалық спринт екі адамнан тұратын командалық эстафета түрінде өтеді. Әр қатысушы трассад 3-6 айналым жасап бір бірімен алмасады. Қатысушы командалар көп болса екі жартылай финал ұйымдастырылады, олардан бірдей комнда саны финалға шығады. Командалық спринт масс-старттан басталады. Қорытныды нәтиже эстафета ережесімен есептеледі.
Ресми жарыстарда қашықтықтар 800 м ден 50 км ге жетеді. Бір қашықтық (қызықты болуы үшін) бірнеше айналымнан тұруы мүмкін.
Жарыс форматы | Қашықтық ұзындығы (км) |
---|---|
Бөлек стартты жарыстар | 3, 5, 7.5, 10, 15, 30, 50 |
Масс-стартты жарыстар | 10, 15, 30, 50, 70 |
Қуу жарыстары | 5, 7.5, 10, 15 |
Эстафеталар (бір этап ұзындығы) | 2.5, 5, 7.5, 10 |
Жеке спринт (ерлер) | 1 — 1.4 |
Жеке спринт (әйелдер) | 0.8 — 1.2 |
Командный спринт (ерлер) | 2х(3-6) 1 — 1.6 |
Командалық спринт (әйелдер) | 2х(3-6) 0.8 — 1.4 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.