Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мекемтас Мырзахметұлы (9 мамыр 1930 жылы, ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбеде туған) — Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1996) жән «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері. "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[1] Мекемтас Мырзахметұлы - 1930 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі Мырзахмет 1933 жылы қайтыс болды. Анасы 1945 жылы 50 жасында дүниеден өтті. Балалары жетім қалды. Отбасында 12 бала болған, оның бірі ашаршылық кезінде қайтыс болса, енді бірі соғыстан оралмады, қалғандары қылшамен ауырып, науқат болып кетті. Солардан 3 бала ғана аман қалған (ағасы Ордабек 72 жасында дүниеден озды және әпкесі Күләнда орта жастан асқан соң дүниеден қайтты). Мекемтас Мырзахметұлының айтуы бойынша анасы ұзын бойлы, жүдеу, қараторы кісі еді. "Суретке түсу шариғатқа қайшы" - деп суретке түспеген. Балалары жастай шешектен өле бергендіктен, "тастай қатты, бекем болсын" деген ниетпен кенже баласының есімін Мекемтас қойыпты. Анасы қайтыс болғаннан кейін ағайындарының қолында тұрады. 8 жасында мектепке барды, кейін балалар үйі мен мектеп-интернатта тәрбиеленді. 8 сыныпты бітіре сала Тар1948 жылы Ванновқа (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауылындағы Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу еңбектерінде абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, иасауитанудың, Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері, Абай мұрасының шығыспен байланысы 1965 жылдан бастап терең зерттеле бастады. Абай мұрасындағы мораль философиясының негіздері оның исламға, адамгершілік мұраттарына қатысты зерттеліп ашылды. Қараханидтер заманынан бастау алған кемел адам мәселесі Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” дастанында қамтылып, Иасауидің “хал ілімі” (камили инсани) арқылы негізделіп, Абайдың “толық адам ілімі” арқылы дәстүрлі жалғастық тауып даму жолдары жәуанмәртлік, яғни иманигүл(үш сүю) жайындағы Абай танымдары негізінде талданып‚ бір жүйеге түсірілді. Мырзахметұлы кеңестік кезеңде-ақ патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты негіздерін әшкерелеп (“Қазақ қалай орыстандырылды”, 1993)‚ қазақ жеріндегі топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік сырларын ашып, қоғамдық ой-санаға ықпал етті. Абайтану мен мұхтартанудың ғылыми негізді қарым-қатынасын зерттеді. Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, ондағы айтылмай келген шығыстық мәселелер мен танылмай келген ойларды, шығыстық термин сөздерді бүгінгі күн талабы тұрғысынан жаңаша қорытып, ғылыми айналымға түсірді. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан мамандар даярлап, отыздан астам кандидат диссертация қорғатты. Абайтанудың библиография көрсеткіштерін құрастырып (1965, 1988, 1995) алғы сөздерін жазды. “Абай” энциклопедиясы мен М.Әуезовтің 20 томдық, 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысты.
т.б. монографиялар, кітаптардың («Абайды оқы, таңырқа», 1993; «Абайтану дәрістері», 1994; «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайды білмек парыз, ойлы жасқа», 1997;
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.