From Wikipedia, the free encyclopedia
Ефрейтор (нем. Gefreiter, [ɡəˈfʁaɪ̯tɐ]) — германиялық, аустриялық, швейцариялық әскери атақ, көбінесе екінші дәрежелі, сарбаздан жоғары кіші сержанттан кіші болады. XVI ғасырда пайда болған, Ресей империясында, кейінірек КСРО, Ресейде және кейбір посткеңестік елдерде де қолданылады.
Gefreiter (әйелдерге, бірнеше адамға Gefreite термині қолданылады)[1] әскери шені XVI ғасырдағы Еуропада Ландскнехт жаяу әскерін сипаттау үшін пайда болған.[2] Бұл әскери шен көбінесе пика ұстаған Германия және Швейцария жалдамашыларына және оларды қолдайтын жаяу әскерге берілетін.[3][4] Бұл сарбаздардың ең тәжірибелі және сенуге лайықтылары gefreyten Knechten (босатылған сарбаз) шеніне жоғарыланатын, арпалыс жерінің маңызды нүктелеріне қойылатын.[3][5][6]
XVIII ғасырдан бастап Gefreit деп әскери ротаның бірінші қатарындағы мүшелерін атады және әрбір Gefreiter Gemeinның бөлімшесін басқарды.[7] Ефрейтор әскери шені атты, жаяу әскерлер, пионерлер және артиллерия қатарында болған, бұрынғы «ефрейторлықпен» салыстырғанда жоғарырақ болды.[3][5] Gefreiter 1918 жылға дейін Корольдік Пруссиялық әскердің және тиісінше Германия империясы императорлық армиясының құрамындағы офицерден төмен болған жалғыз әскери шен болды. Олардың арасындағы ең тәжірибелілері Hauptmann (капитан), не Rottmeisterдың ұсынысымен және Regiments-Commandeur (полковник) шешімімен жоғарыла алатын (1859 жылдан бері Obergefreiterні санамағанда). Пруссия корольдік әскері мен Германия империялық әскерінде ефрейторлар Unteroffizier (Капрал) орынбасарларының қызметін орындайтын.[3]
Отыз жылдық соғыс соғысындағы Аустрия әскерінде ефрейтормен қатар Gefreite-Korporale шені болған.
1920 жылдардан бері Германияда ефрейтор шені түрлі қызметтері бар бірнеше шенге бөлініп қалған. Олар: Obergefreiter (1859 жылдан бері Пруссия әскеріндегі екінші капрал, аға ефрейтор), Hauptgefreiter (1935–1944 жылдары Люфтваффедегі, 1938–1945 жылдары Кригсмаринедегі және 1955 жылдан бері Хээрдегі кіші ефрейтор), Stabsgefreiter (1927 жылдан бері Рейхсвердің, 1945 жылдан Кригсмариненің және 1944 жылдан Люфтваффеның штаб ефрейторы) және Oberstabsgefreiter (1940 жылдан Люфтваффеның және 1996 жылдан Хээрдың аға штаб ефрейторы). Ефрейтордың барлық шендері де Германия жаяу, теңіз және әуе әскерінің барлығында да әлі қолданыста.
Ресейде ефрейтор әскери шені 1716 жылы күшке енген I Пётрдің бұйрығымен Ресей империясының жаяу, атты және инженерлік әскерлерінде пайда болды. Дегенмен, атақ сіңісіп кете алмады және кем дегенде 1722 жылдан бері қолданылмай қалды.
I Павел билігі жылдарында әскерде ефрейторға аналог бола алатын жоғарғы ақша алымының қатардағы сарбазы (орыс. рядовой старшего оклада), ол I Александрдың билікке келген кезінде тек гвардияда ғана қолданылды.
1826 жылғы әскери реформа нәтижесінде ефрейтор шені әскерге қайта құрылды, артиллерияда ол бомбардир қылып аталса, қалыпсыз әскерде (казактарда) приказный болды.
1918 жылғы ақпаннан ефрейтор шені де, солдат (сарбаз) атаулары да «контрреволюциялық» болғандығынан ыдыратылды.[8]
КСРО Қызыл армиясында ефрейтор шені 1940 жылы қалпына келтірілді. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және үлгілі әскери тәртіп үшін берілетін. Погондардағы бір жолақпен көрсетілген. КСРО (содан кейін Ресей Федерациясы) қарулы күштерінде ефрейтор — қатардағы сарбаздан жоғары және кіші сержанттан төмен әскери атақ, қатардағыларға жатады. КСРО әскери-теңіз флотында оның аналогы аға матрос болды.
1991 жылы орын алған КСРО ыдырауынан кейін КСРО әскері ыдыратылды, 1992 жылғы 7 мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылды, кеңестік әскери терминдердің көпшілігі, соның ішінде әскери шендер атауларының үлкен бөлігі өзгермеген. Ефрейтор қатардағы сарбаз бен кіші сержант арасындағы әскери шен болуын жалғастырды.
Ефрейтор (нем. Gefreiter, қысқартылуы Gfr) — Аустрия Қарулы Күштері құрамындағы әскери шендердің бірі. Ағылшынша ресми түрде кіші капрал (Lance corporal) деп аударылады.
Аустрия-Мажарстан Құрлық күштерінде (1867–1918) Ефрейтор (маж. Őrvezetö) шені Патруль басшысы (Patrouilleführer) мен Vormeister атақтарының арасында болған.
Ефрейтор | |||||
нем. Gefreiter | |||||
| |||||
Қысқартылуы |
Gefr. | ||||
---|---|---|---|---|---|
Мемлекеті | |||||
Әскер түрі |
Германия Құрлық күштері | ||||
Дәрежесі |
Қатардағы сарбаздар | ||||
НАТО дәрежесі |
OR-2 | ||||
НАТО-ға кірмейтін дәрежесі |
E-2 | ||||
Жоғары шен |
Обер-ефрейтор | ||||
Кіші шен |
Soldat |
Ефрейтор (нем. Gefreiter, [ɡəˈfraɪ̯tɐ], қысқартылуы Gefr., G.) — Бундесвердің әскері, әуе және теңіз күштеріндегі екінші қатардағы әскери шен. НАТО рейтингтік жүйесіне сәйкес, Ефрейтор OR-2-ге теңестіріледі, қатардағы, бірінші дәрежелі қатардағы сарбаз, вице-корпорал, не корпорал шендеріне тең.[9] Қорғаныс федералдық министрлігінің жалақы дәрежелеуінде ефрейтор шені A4-орында орналасқан.
Корольдік Пруссия армиясы, Германия империясының Императорлық армиясы, Рейхсвер және Вермахт жылдарында Ефрейтор шені кіші капрал шеніне тең деп саналды.[10] Қолбасшылық қасиеттері бар сарбаздар Ефрейтор болып жоғарланса, бұл ерекшелігі жоқтар Oberschütze болатын.
Тарихтағы ең белгілі гефрайтер деп көбіне Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бавариялық әскердің ефрейторы болған Адольф Гитлерді атайды.
«Богемиялық ефрейтор» Гитлердің әскери басшылығына наразы болған неміс генералдарының (Герд фон Рундштедт мен Эрих фон Манштейн сияқты олардың көпшілігі пруссиялық ақсүйектер болатын) Екінші дүниежүзілік соғыста Адольф Гитлерге жеке қолданған кемсіту лақабы. Рундштедт соғыс кезінде және соғыстан кейін жиі «Гитлердің келісімінсіз мен тіпті өз күзетшімді алдыңғы есіктен артқа қарай жылжыта алмайтын болдым!» деп айтатын. Бірде Вильгельм Кейтель Гитлерден: «Рундштедт сізді богемиялық ефрейтор деп атағанын білесіз бе?» деп сұрағанда Гитлер: «Иә, бірақ ол мендегі ең жақсы фельдмаршал» деп жауап берді. Фон Рундштедт 1930 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғыстың батыры, Германия президенті Пауль фон Гинденбургтен алған dieser böhmische Gefreiter терминін қолданды. Алғашқы кездесуінде Гитлерді ұнатпай қалған Гинденбург Гитлердің Аустриядағы Браунау-ам-Инн (Braunau) туған қаласын Чехословакиядағы аттас басқа қаламен (Броумов, нем. Braunau) шатастырды да, оны «ана богемиялық ефрейтор» деп атайтын болды, себебі славян богемиялықтарды ол мәдениетті пруссиялықтар мен аустриялықтарға қарағанда төмен, «сығандардай» көрді.
СС әскерлері | Құрлық күштері | Люфтваффе | Кригсмарине |
---|---|---|---|
SS-Шүтце | Шүтце | Флигер | Матрозе |
SS-Обершүтце | Обершүтце | ||
SS-Штурмман | Ефрейтор | Матроссен-ефрейтор | |
SS-Роттенфюрер | Обер-ефрейтор | Матрозенобер-ефрейтор | |
Аналогы жоқ | Хаупт-ефрейтор | Матрозенхаупт-ефрейтор | |
Аналогы жоқ | Штабс-ефрейтор | Матрозенштабс-ефрейтор | |
Аналогы жоқ | Матрозеноберштабс-ефрейтор |
Ефрейтор | |||||
| |||||
Мемлекеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әскер түрі |
Құрлық күштері | ||||
Жоғары шен |
Кіші сержант | ||||
Кіші шен |
Ефрейтор сөзі қазақ тіліне орыс тілінен келген, орыс тіліне ефрейтор (Орысша айтылуы: [ɪ̯ɪˈfrʲeɪ̯tər]) сөзі неміс тілінің Gefreiter әскери атағынан бастау алған.
Ефрейтор атағының қазақстандық нұсқасы өзінің ресейлік аналогына өте ұқсас: екеуі де кіші сержант шенінен төмен, қатардағы жауынгер шенінен жоғары. Қазақстанда ефрейтор шені армияның үш түрінде де бар: Құрлық күштері, Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңіз күштердегі ефрейтордан төменгі шен Матрос деп аталады.
Ефрейтор (орыс. Ефрейтор, Орысша айтылуы: [ɪ̯ɪˈfrʲeɪ̯tər]) — орыс тіліндегі неміс кірме сөзі, немістің Gefreiterына ұқсас шенді сипаттауға қолданылатын термин. Кеңес Одағының (кейінірек Ресей Федерациясының) Қарулы Күштерінде ефрейтор — жеке құрамның ең жоғары атағы. НАТО жүйесіне сәйкес бұл дәрежені OR-4-пен салыстыруға болады.[11]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.