From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаяу Әскер — байырғы әскер түрлерінің бірі. Ежелгі заманнан бері ол құрлықтағы әскерлердің ең көп санды және негізгі түрі болып саналып келді. Қазіргі кезде Жаяу Әскерлер броньді әскер және механикаландырылған әскерлердің құрамына кіреді. Жаяу Әскерлердің басқа әскер түрлері бөлімдерімен бірлесіп шабуылға шығуға, ұзаққа созылған ұрыс жүргізуге, кез келген уақытта, ауа райының қолайсыздығына қарамастан ұрыс қимылдарын жүргізуге мүмкіндігі бар. Қазіргі заманғы қарулармен жарақтануы арқасында Жаяу Әскер өз күштерімен ашық және тасадағы нысаналарды, бекіністерді қиратуға, жаудың танкісімен, авиациясымен ұрыс жүргізуге қабілетті. Оларды жау жақын келгенде қолданған ұтымды. Жаяу Әскерлер басқа әскер түрлерімен бірлесе отырып, шабуылда жаудың бекінісін, қорғанысын бұзып өтіп, адам күшін жояды және басып алған жерін ұстап тұрады. Мықтап бекінген жағдайда олар өзінен анағұрлым күші басым жауға төтеп бере алады. Жаяу Әскер танк экипажына нысаналарды (пулеметтер, танкіге қарсы қолданылатын зеңбіректер, ракеталар, танкілер) көрсетеді, танкіге қарсы құрылған бөгеттер мен кедергілерден өтуіне көмек жасайды. Жаяу Әскерлер мерген винтовкасы, автомат, станокты пулемет, миномет, пистолеттермен және қол гранаталармен қаруланады.[1]
Жаяу әскер - жалпы әскери ұрыста қарсыласты жоюға, өз аумағын қорғауға және қарсыластың аумағын басып алуға арналған құрлық әскерлерінің ежелден бергі саласы. Жаяу әскер жылдың барлық маусымы мен тәуліктің барлық уақытында, әр түрлі ауа райы мен жер бедері жағдайыңда тірескен, ұзақ ұрыс жүргізуге қабілетті. Жаяу әскер атауы әскер саласы ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия және тағы басқа мемлекеттердің қарулы күштерінде кездеседі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жаяу әскерге ұқсас әскерлер мотоатқыиітар әскері деп аталады. Бірқатар елдердің ҚК жаяу әскерден басқа моторланған, әуе десанты және теңіз жаяу әскерлері бар. Жаяу әскер тарихы ерте кезден басталады. 17 ғасырдан жаяу әскердегі негізгі тактикалық бөлімше батальон болып құрылды. 18 ғасырдың басында жаяу әскер дивизиялары, онан кейін корпустар құрыла бастады. ҚР ҚК-нде жаяу әскер құрлық әскерлерінің саласы ретінде мотоатқыштар әскері деп аталады.
Жаяу әскер бөлімшелері — жаяу әскерлер, жаяу әскер Батальондары, Роталар, взводтар мен Бөлімшелер сияқты негізгі әскер бөлімшелері. Жаяу әскер бөлімшелері жаяу әскер, механикаландырылған, әуе десанты дивизияларының негізін құрайды, сондай-ақ кейбір елдер әскерінде сауытты танк әскерінің құрамына да енеді. Жаяу әскер бөлімшелері ұрыс алаңында өзінің негізгі міндеттерін ату, маневр жасау, сокқы беру арқылы орындайды.
Жаяу әскерге қарсы бөгеттер — жаяу әскерлерге қарсы қойылатын немесе құрылатын жасанды бөгеттер. Қарсыластың жаяу әскерлерінің жедел қимылын киындату немесе оны шығынға ұшырату мақсатымен жасалады. Жаяу әскерлерге қарсы қолданылатын бөгеттерге жататындар: миналанған алаң, сым темірден жасалған қоршау, тікенекті сымнан жасалған тор, көзге түспейтін бөгеттер, шиыршық сымдар және т.б.
Жаяу әскерге қарсы гранат — негізінен, қарсыластың адам күшін жарықшақтар арқылы жоюға арналған гранат. Жаяу әскерге қарсы гранат қатарына қол гранаттары, сонымен қатар жарықшақты, жарықшақты-қопарғыш және жарықшақты-кумулятивті гранатаатқыш, ату құралдары жатады. Олардың кейбіреулеріне жарылу әрекетін күшейту үшін қиратқыш жарықшақтар, жарылғанда қораптың (корпус) ұсақталуы және секіріп түскенен кейін ауада жарылуы қарастырылған.
Жаяу әскерге қарсы инженерлік мина — қарсыластың адам күшін жою әрекетіне қарай қопармалы, жарықшақты және оқ түрінде болып бөлінеді. Жаяу әскерге қарсы миналанған алаң құруда қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы миналар — қарсыластың адам күшін жою мақсатымен жергілікті жерді миналауға арналған миналар. Зақымдау дәрежесіне қарай миналар фугасты және жарықшақты болып болінеді. Біріншісі әрекет ету принципіне қарай сығылмалы болса, екіншісі созылмалы әрекет етеді. Жаяу әскерге қарсы миналар мина алаңы түрінде дербес немесе танкіге қарсы миналармен бірге танкіге қарсы мина алаңының ішіне де, оның алдыңғы шетіне де орналастырылады.
Жаяу әскердің ұрыс машинасы — мотоатқыштар әскерлерінің (мотожаяу әскерлердің) жеке құрамын алып жүруге және ұрыс жүргізуге арналған сауытты машина. Ол маневрлілікті, атыс қуатын және жеке құрамның қорғаныс қабілетін күшейтеді. 1960 жылдары пайда болды. Қазіргі ЖҮМ етімділік қасиеті жоғары шынжыр табанды (кейде дөңгелекті) машина.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.