From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, ауа райын өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі Ауа райының өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. Ауа райы метеорологиялық өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалдылық, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі ауа райының өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. Ауа райының көп жылдық режимі климат деп аталады.
Ауа температурасы. Күн сәулелері атмосферадан өте келе Жер бетіне түседі және оны қыздырады. Бұл тропосфераның сипаттамалық ерекшелігімен түсіндіріледі; жоғарылаған сайын температураның кемуінен алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға таралады. Ауа температурасын бақылау онда тәуліктік және жылдық тербелістердің болатынын көрсетті. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы (түстен кейін сағат 2-3-терде) және ең төменгі (таң атар, күн шығар алдындағы уақыт) температуралардың айырмашылығы тәуліктік амплитуда деп, ал бір жыл ішіндегі жылдық амплитуда деп аталады. Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымның сынап бағаны миллиметрмен өлшенеді. Оны анықтау үшін барометр деп аталатын аспап қолданылады. Барометрдің екі түрі бар: сынапты және сұйықсыз барометрлер. Соңғысы анероид - барометр деп аталады. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір - бірімен салыстыру үшін шартты түрде теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Жел. Жер бетіндегі горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын жел деп атайды. Жел әрқашан да жоғарғы қысым облысынан төменгі қысым облысына қарай соғады. Жер бетіндегі көрші бөлікшелер арасындағы қысым айырмашылығы үлкен болған сайын жел де қатты соғады. Егер су қоймасы салыстырмалы түрде үлкен болса, судан соққан суық ауа жоғары қысымды құрайды, онда жаздың тынық ыстық күндерінде самал желді байқауға болады. Мұндай самал жел күндізгі жағажелдер (французша < brise > –<жеңіл жел>) деп аталады.
Атмосфера қысымы,температура, ылғалдылық-ауа райының элементтері болып саналады,ал жауын-шашын,жел,тұман, бұлт- ауа райы құбылыстары.
Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді. Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгі күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі.
Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:
Дауыл - циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен құйындататын борандар ғимараттарды қиратып,жоларды бұзады.
Күннің күркіреуі - жылы ауа жоғарыға қарай көтеріліп салқындаса,үлкен бұлттар жоғарыға қарай өсе бастайды.Осындайда боран болуы мүмкін және қатты жаңбыр жауады.
Су тасқыны - төтенше ауа райынан туындайтын кез келген басқа сұрапыл апатты құбылыстармен салыстырғанда , су тасқыны көптеген зардаптарға әкеледі.
Бұршақ - жаңбырлы бұлттарың арасында пайда болып, боран кезінде жауауды.Әдетте олардың өлшемі жасыл бұршақтың көлеміндей болады.
Торнадо - жер бетімен қозғалатын және жолында барлығын қирататын әуе құйыны.
Физикалық география-жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011) Балалардың жаңа энцклопедиясы Атамұра 55 - бет
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.