From Wikipedia, the free encyclopedia
І Петр немесе Ұлы Петр (9.6. 1672, Мәскеу — 8.2.1725, Петербург) — мемлекет қайраткері, орыс патшасы (1682 — 1725), Ресей императоры (1721), қолбасшы, реформатор. Романовтар әулетінен шыққан.
Петр І | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1721 ж. қараша 2 (е.м. қазан 22) — 1725 ж. ақпан 8 (е.м. қантар 28) | ||
Петр І Ортаққорда | ||
өңдеу |
Бала кезінде үй тәрбиесінде білім алды. 1682 жылы ресми түрде таққа отырды. Бірақ 1689 жылға дейін оның атынан апайы София билік құрды. София билік құрған жылдары (1682 — 89) Преображенск полкында әскери қызметте болды. София биліктен тайдырылғаннан кейін 1689 — 96 жылдары ағасы Иван Алексеевичпен бірге, ол қайтыс болған соң жеке дара билік құрды. І Петр елшілік құрамында шет елге кетіп, 1697 — 98 жылдары Кенигсбергте зеңбірек жасауды үйренді, Амстердам верфтерінде балташы болып істеді, Англияда кеме жасаудың теор. курсын бітірді. Оның бұйрығы бойынша шет елден кітап, құрал-сайман, қару-жарақ сатып алынды, шеберлер мен ғалымдар шақырылды, дворян балалары шет елге оқуға жіберілді.
Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды. Жалпымемлекеттiк заңнама — Соборлық ереже (1649) рәсiмделдi. Қарулы күштердiң сословиелiлiгi мемлекет қажеттiлiгiн ендi қанағаттандырмады, сондықтан жатжерлiк үлгiдегi полктер құрыла бастады. Мәскеу мемлекетiнiң империялық сипатқа ие болған сыртқы саясаты iштей нығайып, белсендi әрекет ете бастады. Елде реформалар, негiзiнен, күш қолдану әдiстерiмен және мемлекеттiң экономикаға белсендi араласуымен қатар жүрдi.Олардың көпшiлiгiнде ойластырылмаған, асығыстық сипат болды, бұл соғыстағы сәтсiздiктерден, сондай-ақ кадрлардың, тәжiрибенiң жоқтығынан және өкiмет билiгiнiң ескi аппаратының қысым жасауынан көрiндi.I Петрге дейiн елдiң қарулы күштерiн соғыс болған жағдайда шақырылатын, соғыс аяқталған соң үйлерiне таратылатын жергiлiктi дворяндық жасақтар мен тұрақты атқыштар әскерi құрады. XVIII ғасырдың алғашқы бөлiгiнде дворяндық жасақтар, атқыштар әскерi жойылып, оның орнына қуатты тұрақты армия құрылды. Сонымен қатар қарулы күштердiң құрамында украиндық, дондық, жайықтық және жергiлiктi казактар ұйымы және ұлттық құрамалар (башқұрттар, қалмақтар) сақталып қалды. I Петр патшалығының соңында жаңа тџрақты армияда 126 полк болды. Жалпы әскер саны 200 мың солдатқа жеттi. Ол кезде казактардың тұрақты атты әскерiнде 100 мыңнан аса адам болды.Әскери реформа, iс жүзiнде тұтас мемлекеттiң мақсат-мүддесiн айқындады. I Петр армия мен флотты басты қамқорлыққа алды. 1694 жылы орыс армиясы жүргiзген iс-шаралар, сондай-ақ Азов жорықтары (1695, 1696) әскери құрылым қуатының қаншалықты төмен екендiгiн көрсеттi. Жаңа армияның негiзi 1687 жылы құрылған Преображенск және Семенов “ойын-ермек” полктерi болды. Армияны жасақтаудың негiзiне рекруттық жүйе (1705) алынды. Соған сәйкес қатардағы құрамға шаруалар мен басқа да салық төлейтiн сословиелердiң өкiлдерi алынды,23 ал офицерлер корпусы дворяндардан құрылды. Әскери мiндеткерлiк өмiр бойғы және тұрақты болып жарияланды.Мiндеткерлiктiң мәжбүрлеушi сипатына қарамастан, I Петр уақыт өте келе тұрақты ғана емес, сондай-ақ жалдамалы армиядан мүлдем ерекшеленетiн бiр ұлтты армияға да ие болды.
І Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыруға тырысты. Тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрып, әскери мектептің негізін қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1695 — 96 жылдары Ресей түріктермен соғыс нәтижесінде Азов бекінісін алып, Азов теңізіне шықты. 1700 жылы Түркиямен бейбіт келісімге келіп, Еуропадағы ең қуатты держава — Швециямен соғысқа кірісті. 1700 — 21 жылдары Солтүстік соғыс нәтижесінде Ресей жеңіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына қосылды. 21 жылға созылған Солтүстік соғыста жеңіске жеткен ол император атанып, Ресей империяға айналды. 1721 жылы Ништадт бейбіт келісім бойынша Ресей Карелияға, Рига мен Нарва қалаларына иелік етіп, Балтық теңізіне шықты. 1722 — 23 жылдары Парсы жорығы нәтижесінде Ресей Дербент және Баку қалаларымен бірге Каспий теңізінің Батыс жағалауына иелік етті.
І Петр басыбайлылық құқықты, помещиктердің қоғамдағы жоғары орнын сақтай отырып, Ресейдің дамыған Батыс Еуропа елдерінен артта қалуын жоюға бағытталған реформалар жүргізді. Бұл реформалар боярлар мен дінбасылардың қарсылығына ұшырады. І Петр-ге қарсы топтардың наразылығы 1697 жылы И.Циклер қастандығы, 1698 жылы атқыштар көтерілісі мен 1718 жылы өз ұлы Алексейдің қастық әрекеттерінде көрініс тапты. Оның билігіне қарсы 1705 — 06 жылдары Астрахан көтерілісі, 1707 — 09 жылдары К.Булавин көтерілісі, 17 — 18 ғасырларда Башқұрттар көтерілісі болып, олар қаталдықпен басып жанышталды. І Петр реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Басыбайлы шаруалардың жеке басына салық енгізілді, шаруаларды қала, бекініс, көпір құрылыстарына тарту заңдастырылды. 1722 жылы әскери және азаматтық қызмет тәртібі бекітіліп, мемлекеттік қызметке тегіне қарамай алу енгізілді. Ауыл шаруашылық, металлургия, тау-кен өндірісі, сауда дамыды. Саудагерлер 2 гильдияға бөлініп, қолөнершілер мамандығына сәйкес цехтарға біріктірілді. Оның мемлекеттік аппаратқа енгізген реформалары орыс самодержавиесінің 18 ғасырда дворяндық монархияға айналуында маңызды қадам болды. Боярлар думасы сенатпен (1711), приказдар коллегиялармен (1718) ауыстырылды. Мемлекет басқаруды бақылайтын генерал-прокурор басқаратын прокурорлар қызметі енгізілді. Шіркеуге мемлекеттік бақылау орнату мақсатында жоғары діни орган — синод құрылды. 1708 — 09 жылдары воеводалықтар және наместниктер орнына 8 (кейін 10) губерния мен уездер құрылды. 1703 жылы Петербургтің негізгі қаланып, 1712 жылы астана Мәскеуден осында көшірілді.
І Петр мәдениет, халық ағарту саласында да ірі реформалар жасады. Зайырлы мектептер пайда болып, шіркеудің білім берудегі үстемдігі жойылды. Орыстың алғашқы көпшілік театры құрылды. 1703 жылы “Ведомости” газеті жарық көрді. 1699 жылы пушкарлар мектебі, 1701 жылы математика-навигация ғылымдары мектебі, медицина-хирургия мектебі, 1715 жылы Теңіз академиясы, 1719 жылы инжинерия және артиллерияшылар мектебі, алғашқы мұражай-кунсткамера, 1725 жылы Петербург ҒА ашылды. Сәулет өнері дамып, Батыс Еуропа мәдениетімен байланыс күшейді. Ресейдің шетелде тұрақты елші ұстауы тұңғыш рет І Петр тұсында басталды.
І Петр Қазақстанды Азияға шығатын “кілт пен қақпа” деп таныды. Оның бұйрығымен 1715 — 24 жылдары Сібір губернаторы М.П. Гагарин мен Қазан губернаторы П.С. Салтыков Тәуке, Қайып және Әбілқайыр хандардың елшілерін қабылдады. І Петр-нің тікелей жарлығымен салынған әскери-инжинериялық құрылыстар — Ямышевск, Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Коряков, т.б. әскери-қорғаныстық пункттер Жоғары Ертіс шебін құрап, қазақтарды жоңғар шапқыншылығынан қорғауда белгілі дәрежеде рөл атқарса, сонымен қатар қазақ жерін отарлауға алғышарт жасады[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.