From Wikipedia, the free encyclopedia
Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, ауызекі тілде — Питер) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін Ленинград деп аталған.
Федералдық деңгейдегі маңызы бар қала | |||||
Санкт-Петербург | |||||
орыс. Санкт-Петербург | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федерация субъектiсі | |||||
Ішкі бөлінісі |
18 аудан | ||||
Губернаторы |
Александр Дмитриевич Беглов[1] | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
59°57′ с. е. 30°19′ ш. б.59.950° с. е. 30.317° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1703 | ||||
Бұрынғы атаулары |
Санкт-Петербург, Петроград, Ленинград | ||||
Жер аумағы |
1439[2] км² | ||||
Биіктігі |
3 м | ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+4 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 5 351 935[3] адам (2018) | ||||
Агломерация |
5,4 млн (2002) | ||||
Ұлттық құрамы |
орыстар — 84,73 % | ||||
Этнохороним |
петербургтық | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 812 | ||||
Пошта индекстері |
190000-199406 | ||||
Автомобиль коды |
78, 98, 178 | ||||
ОКАТО коды |
40 | ||||
Басқалары | |||||
Ресми емес атауы |
Невадағы қала, | ||||
gov.spb.ru (орыс.) | |||||
Санкт-Петербург шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Санкт-Петербург |
Санкт-Петербург Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 9,50 млн-ға жуық (2018). Санкт-Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.
Санкт-Петербург ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 8,7 | 10,2 | 15,3 | 25,3 | 33,0 | 34,6 | 35,3 | 37,1 | 30,4 | 20,2 | 11,4 | 10,9 | |
Орташа максимум, °C | −3,2 | −2,9 | 2,1 | 9,3 | 16,1 | 20,2 | 23,0 | 20,9 | 15,2 | 8,6 | 2,3 | −1 | |
Орташа температура, °C | −5,7 | −5,5 | −1 | 5,4 | 11,6 | 16,1 | 19,1 | 17,3 | 12,1 | 6,3 | 0,4 | −3,2 | |
Орташа минимум, °C | −8,1 | −8,2 | −4,1 | 1,5 | 7,1 | 11,9 | 15,1 | 13,6 | 9,0 | 4,0 | −1,5 | −5,4 | |
Абсолюттық минимум, °C | −34,7 | −27,7 | −21,7 | −12,5 | −2,6 | 0,7 | 5,8 | 3,8 | −1,6 | −9,7 | −20,1 | −26,5 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 45,3 | 34,1 | 33,8 | 33,4 | 45,7 | 68,8 | 81,4 | 88,9 | 63,5 | 65,5 | 57,8 | 52,8 | |
Дерекнама: Санкт-Петербург - ауа райы мен климаты |
Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, аспап, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургдың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б. Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М. Шоқай, Б. Құлманов Санкт-Петербургдың Императорлық университетінде, Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С. Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургда өтті. Бірінші орыс революциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Санкт-Петербургда басталды. 1918 ж. астана Санкт-Петербургдан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Санкт-Петербург тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж. Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Санкт-Петербургда Ж. Жабаев пен Ә. Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Санкт-Петербургдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Санкт-Петербургдағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді[4].
Санкт-Петербург — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Санкт-Перербургтың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.)[5]. Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):
Қаржы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Санкт-Петербург халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді[7].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.