"Барселона" футбол клубы (исп. Fútbol Club Barcelona және кат. Futbol Club Barcelona) — Испания біріншілігінде өнер көрсететін, каталондық Барселона қаласының супер клубы. Барселона атауына қоса "Барса" (исп. Barça және кат. Barça) атымен де әлемге әйгілі футбол клубы.
Барселона | ||||
Толық атауы |
Futbol Club Barcelona | |||
---|---|---|---|---|
Лақап аттары |
Barça (Барса), Blaugranas (көк-анар түстілер), Cataloness (Каталондықтар), Cule (Бөксе) | |||
Құрылған жылы |
29 қараша 1899 | |||
Стадионы | ||||
Сыйымдылығы |
99 354 | |||
Президенті | ||||
Бас жаттықтырушы | ||||
Капитаны | ||||
Рейтингі |
УЕФА рейтингінде 13-шы орын | |||
Демеушісі |
Spotify | |||
Сайты | ||||
Жарыс | ||||
2021/22 |
2-ші орын | |||
| ||||
Тарихы
Барселона клубы 1899 жылы Жоан Гампер басқарған швейцариялық, британдық, испандық және каталониялық футболшыларымен құрылған. ФК "Барселонының" фанаттар («кулес» атымен белгілі ) саны 2006 жылың мамырында 140 000 адамға жетті.
Барселона және Барса атымен кәсіби баскетбол, гандбол, роликтік хоккей және футзал командалары да әлемдік деңгейде өнер көрсетеді.
Испанияның футбол біріншілігін, Ла Лиганының негізін Барселона Мадридтық "Реал" және Бильбаолық "Атлетик" қалыптастырған болатын.
Барселона Испанияның жоғарғы дивизионынан түспеген үш клубтардың бірі . Мұндай көрсеткішке жеткен басқа екі клуб "Реал Мадрид" және "Атлетик Бильбао".
Жалпы, клуб тарихында дәуірлеген екі кезең бар, біріншісі — 1988 жылы клубтың тізгінін Йохан Кройф ұстады да, команда көптеген жүлдені иеленді. 1989 жылы УЕФА Кубок иелерінің кубогын, 1992 жылы УЕФА Чемпиондары кубогын ұтып алды. Бір қызығы, осы екі финалда да клубтың қарсыласы "Сампдория" болды. 1992 жылы сондай-ақ УЕФА суперкубогына қол жеткізді. 1990-1994 жыл аралығында төрт рет Испания чемпионы атанды. Осы жылдарда клубта Амор, Гвардиола, Хосе Мария Бакеро, Чики Бегиристайн, Надаль, Эусебио, Гойкоэчеа, Георге Хаджи, Рональд Куман, Микаэль Лаудруп, Ромарио, Христо Стоичков, Хуан Унсуэ секілді футболшылар доп тепті.
1994/95, 1995/96 жылғы маусымдар "Барселона" үшін көңілдегідей болмады да, Йохан Кройф жаттықтырушылық қызметінен кетті.
Екінші дәуір 2004 жылдары басталды. Бұл кезде клуб тізгінін тағы бір нидерландтық маман Франк Райкаард ұстады, клубқа Роналдиньо, Хенрик Ларссон, Людовик Жюли, Деку секілді футболшылар келді, және де өз кантерасынан шыққан болашақ жұлдыздары Лионель Месси, Хави, Андрес Иньеста секілді футболшылар жетіліп келе жатты. Клуб 2005, 2006 жылдары Испания чемпионы атанды, УЕФА Чемпиондар Лигасында топ жарды.
2006/07 жылы "Барса" ең бай клубтар тізімін анықтау кезінде үшінші орын иеленді. Оның жылдық табысы - 291,1 млн евроны құрады. Алдыңғы екі орында Мадридтік "Реал" Және "Манчестер Юнайтед" орналасты.
2006/07, 2007/08 жылдары "Барселона" онша ойнай алмады да, 2008 жылы жазда бапкер боп Хосеп Гвардиола келді. Бұл кезде клубтан Деку, Роналдиньо, Дзамбротта, Тюрам секілді футболшылар кетіп, құрам едәуір жаңарған-ды, сондай-ақ 2007 жылы жазда "Арсеналдан" Тьерри Анри келді. Оның үстіне Серхио Бускетс, Лионель Месси, Педро секілді футболшылар жетіліп келе жатты. Алғашқы маусымда-ақ Гвардиола жүлде біткеннің бәрін ұтты — Испания чемпионаты, УЕФА Чемпиондар Лигасы, Испания кубогы. 2009/10 жылғы маусым да сәтті басталды, Испания суперкубогы мен УЕФА Суперкубогы олжаланды. Сол жылы қыста клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
2011 жылы Гвардиола екінші рет УЕФА Чемпиондар лигасы мен Клубтар арасындағы әлем біріншілікті және УЕФА Суперкубогын ұтты.
2012 жылы жазда Гвардиола кетті де, клуб шамалы бәсең тартты. 2013 жылы жазда Неймардың клубқа келуі де қайта бұрынғы биігіне шығуына көмектеспеді. Тек 2014/15 жылғ маусымның басында клубқа бапкер боп Луис Энрике келді де, 2015 жылы тағы требл жасады: УЕФА Чемпиодар Лигасын, Испания чемпионатын, Испания кубогын ұтты.
2017 жылы клубқа бапкер боп Эрнесто Вальверде келді. Осы жылы жазда Неймар клубтан кетті. Соған қарамастан клуб 2017/18, 2018/19 жылдары қатарынан екі рет Испания чемпионы атанды. 2020 жылы Испания суперкубогында клуб жартылай финалда "Атлетико Мадридтен" ұтылып қалды да, артынша Вальверде қызметтен босатылды. Орнына 13 қаңтарда Кике Сетьен келді. 2019/20 жылғы маусымда клуб Испания чемпионатында екінші орында қалды, Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавариядан" 2:8 есебімен ойсырай ұтылып, Кике Сетьеннің орнына Рональд Куман бас бапкер болды. Осыдан кейін командада буын алмасу жүріп жатыр. Клубтың жағдайыда күрт нашарлап кетті.
2021 жылы 1 шілдеде клубтың көпжылдық жетекші ойыншысы Лионель Месси командадан кетті. Сол жылы күзде Рональд Куман Райо Валекано клубынан 1:0 есебімен ұтылып қалған соң клубтан қуылды. Куман қызметінен кеткеннен кейін Хави бас бапкер болып тағайындалды.
Камп Ноу стадионы
Клубтың негізгі ойнайтын алаңы — Камп Ноу стадионы, Еуропадағы сыйымдылығы жағынан ең үлкен футбол стадионы. Стадионның ресми ашылуы 1957 жылдың 24 қыркүйегінде өтті. 1957 жылы ашылғаннан бері стадион Каталан футбол клубына тиесілі болды және алдымен Estadi del FC Barcelona (Барселона ФК стадионы) деп аталды, соған қарамастан ол Камп Ноу деп атап кеткен. Ресми түрде ол өзінің қазіргі атауын 2000 жылы алды. "Камп Ноу" - бұл Испаниядағы ғана емес, бүкіл Еуропадағы ең үлкен стадион: сыйымдылығы 99,354 көрермен.
"Камп Ноу" бірнеше рет қайта құрылды. Бұл алғаш рет 1981 жылы болды: стадион Испанияда өткен 1982 жылғы Әлем кубогының матчтарын өткізу үшін кеңейтілді; "Камп Ноу" сыйымдылығы 120 000 көрерменге дейін ұлғайтылды. Екінші қайта құру 1998 жылы УЕФА-ның барлық орындар орындықтармен қамтамасыз етілуі керек деген жаңа ережелерді енгізуіне байланысты жүзеге асырылды. Стадион мүмкіндігінше көп орынды сақтап қалуы үшін көгалдардың деңгейін төмендетуге тура келді. Қазіргі уақытта стадионның сыйымдылығы 99 354 көрерменді құрайды. Футбол алаңының көлемі-105x68 метр.
"Камп Ноу" - УЕФА бес жұлдызды бағалайтын бірнеше еуропалық стадиондардың бірі.
Стадион аумағында Барселона ФК ресми қызметкерлер орталығы, басшылық Кеңсесі және Каталониядағы ең көп баратын мұражай болып табылатын футбол клубының мұражайы орналасқан. Бұдан басқа," Камп Ноу "— бұл кешеннің негізгі бөлігі, оған" Мини-эстади "(исп. Mini estadi) — клубтың спорт мектебінің командалары жаттығатын жиырма мыңдық стадион," Ла Масия "(исп. La Masía) — клубтың ең жас тәрбиеленушілері тұратын ғимарат және "Көк-анар сарайы" (исп. Palau Blaugrana)-8 000 көрерменге арналған корпус, мұнда клубтың баскетбол, гандбол, хоккей және шағын футбол командалары өнер көрсетеді.
2007 жылдың қыркүйегінде клуб ашылған күнінен бастап елу жылдық құрметіне стадионды қайта құру жобасын қабылдады. Халықаралық байқау ұйымдастырылды, оның барысында әлемнің сәулетшілері өз жобаларын ұсынды. Қазылар алқасының құрамына клуб өкілдері, мемлекеттік әкімшілік және каталан сәулетшілері қауымдастығының мүшелері кірді. 2007 жылдың 18 қыркүйегінде жеңімпаз белгілі болды-ол жаңа Уэмбли стадионын, Мийо Виадукін, Колсерол мұнарасын, Нью-Йорктегі Жаңа сауда орталығын салумен танымал болған ағылшын Фостерлері мен серіктестері болды. Жоба моделі алғаш рет 2007 жылы 22 қыркүйекте өткен Барселона мен Севилья арасындағы матч басталар алдында көпшілік назарына ұсынылды. Бастапқы бюджет 250 миллион еуроны құрады.
2022 жылы Spotify Барселона серіктесі болғаннан кейін Камп Ноу стадионы келісімге сәйкес 4 жылға атын ауыстырады. 2023/24 жылғы маусымда стадион күрделі жөндеуден өтеді.
Құрамы
2022 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша
Атақты бапкерлері
# | Жылдар | Аты-жөні | Азаматтығы | Жетістіктері |
---|---|---|---|---|
1. | 1987 — 1988 | Луис Арагонес | Испания | Король Кубогы (1) |
2. | 1988 — 1996 | Йохан Круифф | Нидерланд | Ла Лигa чемпионы (4), Король Кубогы (1), Суперкубак (1), Еуропа Чемпионлар Кубогы (1), Кубок иелерінің кубогы (1), УЕФА Суперкубогы (1) |
3. | 1996 — 1997 | Бобби Робсон | Англия | Король Кубогы (1), Суперкубок (2), Кубок иелерінің кубогы (1) |
4. | 1997 — 2000,
2002 — 2003 |
Луи Ван галь | Нидерланд | Ла Лигa чемпионы (2), Испания Кубогы (1) |
5. | 2003 — 2008 | Франк Райкаард | Нидерланд | Ла Лигa чемпионы (2), Суперкубок (2), Чемпиондар лигасы (1) |
6. | 2008 — 2012 | Хосеп Гвардиола | Испания | Ла Лигa чемпионы (3), Король Кубогы (2), Суперкубак (3), Чемпиондар лигасы (2), УЕФА Суперкубогы (2), Әлем клубтарының арасындағы кубак (2) |
Атақты ойыншылары
Бұл ойыншылар Барселона құрамында жеткен жетістіктері
- Луис Суарес — 1960
- Йохан Кройф — 1973, 1974
- Христо Стоичков — 1994
- Ривалдо — 1999
- Роналдиньо — 2005
- Лионель Месси — 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019
- Роналдо — 1997
- Лионель Месси — 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019
- Луис Суарес — 2016
- Роналдиньо — 2005
- Лионель Месси — 2009
- Ромарио — 1994
- Роналдо — 1996
- Ривалдо — 1999
- Роналдиньо — 2004, 2005
- Лионель Месси — 2009, 2019
- Франк Райкард — 2005/06
- Хосеп Гвардиола — 2011
- Луис Энрике — 2015
- Лионель Месси — 2011, 2015
- Андрес Иньеста — 2012
- Рональд Куман — 1993/94
- Ривалдо — 1999/00
- Лионель Месси — 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2014/15, 2018/19
- Неймар — 2014/15
- Луиш Фигу — 1999/00
- Роналдиньо — 2005/06
- Хави — 2008/09
- Лионель Месси — 2014/15
- Андрес Иньеста — 2014/2015
- Неймар — 2016/2017
- Луис Суарес — 2018/2019
- Деку — 2006
- Лионель Месси — 2009, 2011
- Луис Суарес — 2015
- Лионель Месси — 2011
- Адриано — 2011
- Луис Суарес — 2015
- Йохан Кройф — 1974
- Ромарио — 1994
- Лионель Месси — 2014
- Хави — 2008
- Андрес Иньеста — 2012
- Роналдо — 1997
- Ривалдо — 1999
- Лионель Месси — 2015*[1]
- Лионель Месси — 2021
- Ромарио — 1994
- Ривалдо — 2002
- Виктор Вальдес — 2010
- Карлес Пуйоль — 2010
- Жерар Пике — 2010
- Серхио Бускетс — 2010
- Хави — 2010
- Андрес Иньеста — 2010
- Педро — 2010
- Давид Вилья — 2010
- Усман Дембеле — 2018
- Самюэль Умтити — 2018
- Ферран Оливелья — 1964
- Хесус Мария Переда — 1964
- Педро Сабалья — 1964
- Сальвадор Садурни — 1964
- Хосеп Фусте — 1964
- Карлес Пуйоль — 2008
- Хави — 2008, 2012
- Андрес Иньеста — 2008, 2012
- Виктор Вальдес — 2012
- Жерар Пике — 2012
- Серхио Бускетс — 2012
- Франсеск Фабрегас — 2012
- Педро — 2012
- Хосеп Гвардиола — 1992
- Альберт Феррер — 1992
- Хавьер Савиола — 2004
- Лионель Месси — 2008
- Рафа Алкантара — 2016
- Неймар — 2016
- Джованни — 1997
- Роналдо — 1997
- Ривалдо — 1999
- Клаудио Браво — 2015, 2016
- Артур — 2019
- Коутиньо — 2019
- Серхио Агуэро — 2021
- Ривалдо — 1997
- Роналдиньо — 2005
- Даниэл Алвес — 2009, 2013
- Марк Андре Тер Штеген — 2017
- Нелсон Семеду — 2019
Жетістіктері
- Испания чемпионаты
- Чемпион (26): 1929, 1944/45, 1947/48, 1948/49, 1951/52, 1952/53, 1958/59, 1959/60, 1973/74, 1984/85, 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1997/98, 1998/99, 2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19
- Вице-чемпион (26): 1929/30, 1945/46, 1953/54, 1954/55, 1955/56, 1961/62, 1963/64, 1966/67, 1967/68, 1970/71, 1972/73, 1975/76, 1976/77, 1977/78, 1981/82, 1985/86, 1986/87, 1988/89, 1996/97, 1999/2000, 2002/04, 2006/07, 2011/12, 2013/14, 2016/17, 2019/20
- Испания Кубогы
- Жеңімпаз (31, рекорд): 1910, 1912, 1913, 1920, 1922, 1925, 1926, 1928, 1942, 1951, 1952, 1952/53, 1957, 1958/59, 1962/63, 1967/68, 1970/71, 1977/78, 1980/81, 1982/83, 1987/88, 1989/90, 1996/97, 1997/98, 2008/09, 2011/12, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2020/21
- Финалист (12): 1902, 1919, 1932, 1936, 1954, 1973/74, 1983/84, 1985/86, 1995/96, 2010/11, 2013/14, 2018/19
- Испания Суперкубогы
- Жеңімпаз (13, рекорд): 1983, 1991, 1992, 1994, 1996, 2005, 2006, 2009, 2010, 2011, 2013, 2016, 2018
- Финалист (10): 1985, 1988, 1990, 1993, 1997, 1998, 1999, 2012, 2015, 2017, 2020/21
- Лига кубогы
- Жеңімпаз (2, рекорд): 1982/83, 1985/86
- Каталония чемпионаты
- Чемпион (21, рекорд): 1904/05, 1908/09, 1909/10, 1910/11, 1912/13, 1915/16, 1918/19, 1919/20, 1920/21, 1921/22, 1923/24, 1924/25, 1925/26, 1926/27, 1927/28, 1929/30, 1930/31, 1931/32, 1934/35, 1935/36, 1937/38
- Вице-чемпион (7): 1906/07, 1907/08, 1911/12, 1914/15, 1922/23, 1932/33, 1936/37
- Каталония кубогы
- Жеңімпаз (8, рекорд): 1990/91, 1992/93, 1999/00, 2003/04, 2004/05, 2006/07, 2012/13, 2013/14
- Финалист (9): 1995/96, 1996/97, 1997/98, 2000/01, 2001/02, 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2010/11
- УЕФА Чемпиондар Лигасы
- Жеңімпаз (5): 1992, 2006, 2009, 2011, 2015
- Финалист (3): 1961, 1986, 1994
- Жәрмеңкелер кубогы
- Жеңімпаз (3, рекорд): 1955/58, 1958/60, 1965/66
- Финалист (1): 1961/62
- Кубок иелері кубогы
- Жеңімпаз (4, рекорд): 1979, 1982, 1989, 1997
- Финалист (2): 1969, 1991
- УЕФА Суперкубогы
- Жеңімпаз (5): 1992, 1997, 2009, 2011, 2015
- Финалист (4): 1979, 1982, 1989, 2006
- Құрлықаралық кубок
- Финалист (1): 1992
- Клубтар әлем чемпионаты
- Жеңімпаз (3): 2009, 2011, 2015
- Финалист (1): 2006
- Жоан Гампер кубогы
- Жеңімпаз (44, рекорд): 1966, 1967, 1968, 1969, 1971, 1973, 1974, 1975, 1976, 1977, 1979, 1980, 1983, 1984, 1985, 1986, 1988, 1990, 1991, 1992, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2006, 2007, 2008, 2010, 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.