Роналдиньо 1980 жылы 21 наурызда Сан-Лукас перзентханасында, Порту-Алегри қаласында, Риу-Гранди-ду-Сул штатында, отбасындағы үшінші бала болып дүние есігін ашады[1]. Анасы Дон Мигуэлина саудагер және де медбикелікке де қабілеті болған[2]. Әкесі Жуан да Силва Морейра «Гремио» футбол клубының тұрағында қарауыл болып қызмет атқарған. Әкесі жергілікті жанкүйерлерден құрылған «Крузейро» командасының сапында ойнады[3]. Яғни Роналдиньоның футболға деген қызығушылығын оятқан жәнеде алғашқы ұстазы есебінде көше футболына апарып, бағыт-бағдар беріп жүрген әкесі болған. Қара бала, футболдың айналасындағылардың бәрін таңқалдырады.
Үлкен футболға аяқ баспас бұрын, шағын футболдың добын теуіп жүрген Роналдиньо, 13 жасында «Белу-Оризонти» клубының сапында жергілікті командаға қарсы болған ойында 23 гол соғады. Көргендер осынау талантты баланың шеберлігіне таңданыстарын жасырып қалмайды[4].
1995 жылы «Гремионың» жасөспірімдер клубына қабылданып, 1997 жылы клубпен алғашқы келісімшартқа отырады. 2001 жылдың 15 ақпанында Францияның, «Пари Сен-Жермен» клубымен қол алысып, бас изесіп келісімге келеді[2].
Франциялық клубтың сапында өзінің өзге қырларын көрсеткен ойыншы, 2003 жылдың 19 шілдесінде әйгілі «Барселона» футбол клубының құрамына қабылданады. «Барселона» сапында жұлдызды ойыншы болады. Маңызды голдар соғады, ұтымды ұтқыр пастар шығарады, ешкімнің ойына кіріп шықпайтын алаңдағы әрекеттерімен ерекше есте қалады.
Ронна 2008 жылдың 15 шілдесінде «Барселона» мен қоштасып, Италияндық «Миланның» жаңа ойыншысы болады. «Милан» сапында жарқыраған жұлдызды сәттері сөне бастайды. Көбінде қосалқы құрамнан шығып жүрді.
2011 жылдың 10 қаңтарында өз Отаны Бразилияға оралып, сол елдегі «Фламенго» клубымен келесім жасасып, қол қояды. Алайда көп уақыт өтпей Ронна клубтан кетеді. 2012 жылдың 4 маусымында «Атлетико Минейромен» жарты жылдық келісімшартқа отырады[5][6][7].
2015 жылы карьерасын аяқтады.