Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Футболдан Бразилия Ұлттық құрамасы (порт. Seleção Brasileira de Futebol) — Бразилияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы футболдан Бразилия конфедерациясының қол астында бақылауда болады. 1923 жылдан бастап ФИФА мүшесі болып келеді, сонымен қатар 1916 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі болып табылады.
Бразилия Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты |
Seleção (Таңдаулы), Pentacampeone (Бес дүркін чемпиондар) | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
Футболдан Бразилия конфедерациясы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Кафу (142) | ||
Үздік бомбардир |
Пеле (77) | ||
ФИФА рейтингі |
5 (18.07.2024) | ||
ФИФА коды |
BRA | ||
Формасы | |||
| |||
Аргентина 3 — 0 Бразилия | |||
Бразилия 14 - 0 Никарагуа | |||
Уругвай 6 - 0 Бразилия | |||
Қатысу |
19 (бірінші 1930) | ||
Жетістіктері | |||
Футболдан Америка кубогы | |||
Қатысу |
31 (бірінші 1916) | ||
Жетістіктері | |||
Ең алғашқы жолдастық кездесуін 1914 жылы Англияның "Эксетер Сити" клубтық командасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан (бірақ кей мәліметтерде бұл матч 3:3 есебімен тең аяқталған деп те көрсетіледі).
1930, 1934 жылғы Әлем Чемионаттарында ұлттық құрама алғашқы кезеңнен аса алмаған. Тек, 1938 жылы Францияда өткізілген әлемдік додада алғашқы тырнақ алды дүниежүзілік жүлдесін иемденді. Қола медалді олжалады. Осы чемпионатта құрама шабуылшысы — Леонидас Әлем Чемпионаттары тарихында тұңғыш покер (бір матчта төрт гол) соққан футболшы ретінде тарих беттерінде қатталды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы Әлем Чемпионаты 1950 жылы Бразилияда өткізілді. Екінші топтық турнирдің шешуші матчында Бразилия құрамасы Уругваймен күш сынасты. Тең түссе болды, чемпион атанатын алаң иелері мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. 47 минутта Фриаса бразилиялықтарды алға шығарғанымен, 68 минутта Скяффино есепті теңестірді. Ал, ойын бітуге 10 минут қалғанда Альсидес Хиггия шешуші голды соқты да, Уругвай екінші рет Әлемдік додада топ жарды. Бұл матч Бразилия футболы тарихында "Мараканасо" ("Маракана қасіреті") деген атпен ең қаралы матч ретінде есте қалды.
Бірақ, Бразилия құрамасының алар асулары әлі алда еді. 1958 жылы Швецияда өткен VI Әлем Чемпионатында Пеле, Гарринча, Диди, Вава секілді жұлдыздар құраманы сонау шырқау биікке бір-ақ көтерді. Команданы аңызға айналған бапкер Висенте Феола бастап барды. Құрама тұңғыш рет Әлем Чемпионы атанды. 4-4-2 жүесімен орналасуды да осы додаға бразилиялықтар бірінші болып қолданды. Бұл — Әлемдік футболдың жаңа кезеңінің басталу шағы еді.
1962 жылы Чилиде өткен чемпионатқа құраманы Айморе Морейра бастап барды. Бұл жолы команда 4-4-3 жүйесімен ойын көрсетіп, айласын асырып кетті. Футбол королі Пеле тек бірінші ойында ғана командасына жәрдем берді де, қалған кездесулерде жарақатына орай алаңға шыға алмады. Бұл жоғалту құраманың екінші рет чемпион атануына кедергі болмады.
1966 жылы Англияда өткен бәсекеде құрама топтық турнирден аса алмады. Пеле бұл жолы да жарақатына орай дұрыстап өнер көрсете алған жоқ. Бірақ 1970 жылы Мексикада өткен Әлем Чемпионатында "Селесауларға" тең келетін құрама табылмады. Чемпионат басталуға аз ғана қалғанда құрама тізгінін ұстаған Марио Загало құрамадағы Пеле, Жаирзиньо, Жерсон, Тостао, Карлос Альберто секілді теңдессіз футболшыларды орнымен пайдалана білді. Нәтижесінде құрама үшінші рет әлм футболының шыңына шықты.
Келесі чемпиондықты аттай 24 жыл күтуге тура келді. 1974-1990 жылдар аралығында тек бір рет қана, 1978 жылы қола жүлдеге ие болды. Бұл аралықта құраманың намысын қорғаған Зико, Сократес, Фалькао, Эдер, Мюллер, Карека секілді футболшыларға алтын кубокты иемдену бұйырмапты. 1994 жылы АҚШ-та өткен "Соккер-шоуда" құраманы Карлос Альберто Парейра баптады. Ептеп прагматиктеу ойын көрсеткен құрама ешкімнен де жеңілмеді. Финалда өздерінің тарихи басты бәсекелестері — Италия құрамасын пенальти арқылы жеңіп, алтын жүлдені төртінші рет олжалады.
Арада төрт жыл өткен соң да құрама жақсы ойнады, тек финалда алаң иелері — Франциядан ірі есеппен (0:3) ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты. 2002 жылы Азия елдерінде өткен бәсеке бразилиялықтар үшін сәтті болды. Жеті матчтың жетеуінде де жеңіске жетіп, бесінші рет Әлем Чемпионы атанды.
2006, 2010 жылдарғы Әлем Чемпионаттарында құрама ширек финалдан аса алмады. 2014 жылғы әлемдік бәсеке тағы да Бразилияда өтті. Тілеулестері тек чемпиондықты күткен бұл додада Бразилия жартылай финалға ғана жетті. Германия құрамасынан 1:7 есебімен ұтылып, айдай әлемге шерменде болды. Үшінші орын үшін өткен матчта да Голландияға жол беріп (0:3), бас бапкер Луиз Фелипе Сколари орнынан алынды.
Құрама Америка кубогында тоғыз рет топ жарды. Бұл Аргентина мен Уругвайдан кейінгі үшінші көрсеткіш. Бұл турнирде де дағдарысқа ұшыраған кезеңдері болған. 50-60-70 жылдары Пеленің дәуірінде бір рет те құрлықтық турнирде топ жармапты. 1949-1989 жылдар аралығында құрама Америка чемпионы атана алмаған.
Конфедерациялар кубогында ең көп чемпион атанған құрама. 2005-2009-2013 жылдары қатарынан үш турнирде топ жарды. Сондай-ақ, 1997 жылы да чемпион атанған.
2016 жылғы 11 қарашадағы жағдай
Көп матч өткізгендер
|
Мергендер
|
Ойыншы | Гол | 1930 | 1934 | 1938 | 1950 | 1954 | 1958 | 1962 | 1966 | 1970 | 1974 | 1978 | 1982 | 1986 | 1990 | 1994 | 1998 | 2002 | 2006 | 2010 | 2014 | 2018 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Роналдо | 15 | 4 | 8 | 3 | ||||||||||||||||||
Пеле | 12 | 6 | 1 | 1 | 4 | |||||||||||||||||
Жаирзиньо | 9 | 7 | 2 | |||||||||||||||||||
Вава | 9 | 5 | 4 | |||||||||||||||||||
Адемир | 8 | 8 | ||||||||||||||||||||
Леонидас | 8 | 1 | 7 | |||||||||||||||||||
Ривалдо | 8 | 3 | 5 | |||||||||||||||||||
Карека | 7 | 5 | 2 | |||||||||||||||||||
Бебето | 6 | 3 | 3 | |||||||||||||||||||
Роберто Ривелино | 6 | 3 | 3 | |||||||||||||||||||
Гарринча | 5 | 4 | 1 | |||||||||||||||||||
Неймар | 5 | 4 | 1 | |||||||||||||||||||
Ромарио | 5 | 5 | ||||||||||||||||||||
Зико | 5 | 1 | 4 | |||||||||||||||||||
Чико | 4 | 4 | ||||||||||||||||||||
Сократес | 4 | 2 | 2 | |||||||||||||||||||
Амарилдо | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Бальтазар | 3 | 2 | 1 | |||||||||||||||||||
Сезар Сампайо | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Диди | 3 | 2 | 1 | |||||||||||||||||||
Дирсеу | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Фалькао | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Луис Фабиано | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Жозе Перасио | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Прегиньо | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Роберто Динамит | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Ромеу | 3 | 3 | ||||||||||||||||||||
Тостао | 3 | 1 | 2 | |||||||||||||||||||
Адриано | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Давид Луис | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Эдер | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Элано | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Фред | 2 | 1 | 1 | |||||||||||||||||||
Жаир | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Жозимар | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Жулиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Жозе Альтафини | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Филиппе Коутиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Модерато | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Мюллер | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Нелиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Оскар (1991) | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Пинга | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Робиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Роналдиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Сержиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Тиаго Силва | 2 | 1 | 1 | |||||||||||||||||||
Марио Загалло | 2 | 1 | 1 | |||||||||||||||||||
Зизиньо | 2 | 2 | ||||||||||||||||||||
Алфредо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Бранко | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Карлос Алберто | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Клодоалдо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Джалма Сантос | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Эдиньо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Эдмилсон | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Фернандиньо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Албино Фриаса | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Жерсон | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Жилберту Силва | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Жуан Жезус | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Жуниньо Пернамбукано | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Жуниор | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Женилсон | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Кака | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Майкон | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Манека | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Марсио Сантос | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Нилтон Сантос | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Оскар (1954) | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Паулиньо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Раи | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Рейнальдо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Рилдо | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Роберто | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Роберто Карлос | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Валдомиро | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Зе Роберто | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Зито | 1 | 1 | ||||||||||||||||||||
Барлығы | 226 | 5 | 1 | 14 | 22 | 8 | 16 | 14 | 4 | 19 | 6 | 10 | 15 | 10 | 4 | 11 | 14 | 18 | 10 | 9 | 11 | 5 |
2021 жылғы Америка кубогындағы құрамы
№ | Футболшы | Клуб | Туған күні |
---|---|---|---|
Қақпашылар | |||
1 | Алисон | Ливерпуль | 2 қазан 1992 |
12 | Вевертон | Палмейрас | 13 желтоқсан 1987 |
23 | Эдерсон | Манчестер Сити | 17 тамыз 1993 |
Қорғаушылар | |||
2 | Данило | Ювентус | 15 шілде 1991 |
3 | Тиагу Силва | Челси | 22 қыркүйек 1984 |
4 | Маркиньос | Пари Сен-Жермен | 14 мамыр 1994 |
6 | Алекс Сандро | Ювентус | 26 қаңтар 1991 |
13 | Эмерсон | Реал Бетис | 14 қаңтар 1999 |
14 | Эдер Милитан | Реал Мадрид | 18 қаңтар 1998 |
16 | Ренан Лоди | Атлетико Мадрид | 8 сәуір 1998 |
22 | Фелипе (25 маусымға дейін) | Атлетико Мадрид | 16 мамыр 1989 |
22 | Лео Ортис (26 маусымнан кейін) | Ред Булл Брагантино | 3 қаңтар 1996 |
Жартылай қорғаушылар | |||
5 | Каземиро | Реал Мадрид | 23 ақпан 1992 |
8 | Фред | Манчестер Юнайтед | 5 наурыз 1993 |
11 | Эвертон Рибейро | Фламенго | 10 сәуір 1989 |
15 | Фабиньо | Ливерпуль | 23 қазан 1993 |
17 | Лукас Пакета | Олимпик Лион | 27 тамыз 1997 |
25 | Дуглас Луис | Астон Вилла | 9 мамыр 1998 |
Шабуылшылар | |||
7 | Ришарлисон | Эвертон | 10 мамыр 1997 |
9 | Габриэл Жезус | Манчестер Сити | 3 сәуір 1997 |
10 | Неймар (к) | Пари Сен-Жермен | 5 ақпан 1992 |
18 | Винисиус Жуниор | Реал Мадрид | 12 шілде 2000 |
19 | Эвертон | Бенфика (Лиссабон) | 22 наурыз 1996 |
20 | Роберто Фирмино | Ливерпуль | 2 қазан 1991 |
21 | Габриэл Барбоза | Фламенго | 30 тамыз 1996 |
Главный тренер | |||
Тите | 25 мамыр 1961 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.